Үздік журналистер марапатталды

Үздік журналистер марапатталды

Үздік журналистер марапатталды
ашық дереккөзі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай -ұйымдастырылған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жеңімпаздарын Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы арнайы құттықтап, жүлделерін табыстады. Биылғы байқауға БАҚ-та жарық көрген 200-ден астам материал келіп түскен. Жарияланымдар байқаудың ережесіне сәйкес «Үздік мақала», «Үздік телеарна бағдарламасы», «Үздік радио бағдарламасы», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары бойынша сараланған.

Байқау қорытындысы бойынша «Үздік мақала» номинациясынан 1-орынды «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі, басылым шолушысы Сүлеймен Ысқақ, 2-орынды «Арқа ақшамы» газетінің жауапты хатшысы Құлынтай Монай, 3-орынды Екібастұз қалалық «Отарқа» газетінің жауапты хатшысы Жұмаділова Дәрия Ертайқызы жеңіп алса, «Үздік сайт мақаласы» номинациясы бойынша 1-орынды «Мемлекеттік тілді дамыту институты» сайтының  тілшісі Слямбеков Қымбат, 2-орынды «Жас қазақ үні» газетінің редакторы Дастан Елдесов, 3-орынды Батыс Қазақстан облысы «Казақпарат.кз» сайтының меншікті тілшісі Ғайсағали Сейтақ иеленді. Сондай-ақ «Үздік телеарна бағдарламасы» номинациясы бойынша 1-орынды «Бірінші Қарағанды» телеарнасының тілшісі Мұсабеков Алмас Дарханұлы, 2-орынды «Жетісу» телеарнасының редакторы Асылбекова Айман Серікқызы, 3-орынды Қостанай облысы «Акцент» Лисаковск телеарнасының бас редакторы Лизунова Диана жеңіп алса, «Үздік радио бағдарламасы» номинациясы бойынша 1-орынды Қазақ радиосының Павлодар облысындағы меншікті тілшісі Есенбек Санатұлы, 2-орын «Рудный дауысы» радиосының тілшісі Асантаев Жанарыс Асанбекұлы, 3-орынды Халық радиосы» орыс редакциясының меңгерушісі Аманжулова Асемгүл Наурызбайқызы иеленді.

Сонымен қатар, Тергембаева Кенжегүл Ілияcқызы, Қопаева Кәмшат Сексенбайқызы, Ғанибет Ғалымбекұлы, Орынбек Өтемұрат, Бегман Ысқақ, Дәуіржан Төлебаев, Жасұлан Жолдыбаев, Ерболат Қуатбек, Жадыра Ғазезқызы Шамұратова, Ризабек Нүсіпбекұлы, Әлия Шамышева, Ербақыт Амантайұлы сынды журналистер ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

Үздіктерді Сенат депутаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Оразалин (төраға), Мәжіліс депутаты, жазушы Алдан Смайыл, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Жексенбай, «Түркі Академиясы» ғалым хатшысы Амантай Шәріп бастаған елімізге белгілі жазушылар мен тәжірибелі журналистерден құралған қазылар алқасы анықтаған.

Байқауға 2015 жылғы 10 қаңтар мен 10 маусым аралығында қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген жарияланымдар, эфирден өткен хабарлар қамтылған.

IMG_9780 Мухамедиулы Арыстанбек IMG_9782 IMG_9783 IMG_9790 IMG_9804 IMG_9806 IMG_9809 IMG_9817 IMG_9818 IMG_9824

IMG-20150624-WA0006