«АҚ ЖЕЛКЕНДI» ОҚУҒА АСЫҒЫҢЫЗ!

«АҚ ЖЕЛКЕНДI» ОҚУҒА АСЫҒЫҢЫЗ!

«АҚ ЖЕЛКЕНДI» ОҚУҒА АСЫҒЫҢЫЗ!
ашық дереккөзі

«Ақ желкен» журналының №10 саны Жадыра Нармаханованың «Сонымен жоңғарды жеңдiк пе, жеңбедiк пе?» атты мақаласымен ашылады. Онда автор мектеп оқулықтарының олқылықтарын көзге түртiп көрсеткен. Алайда, кейбiр Мәжiлiс депутаттары оқулықтағы қателiктердi бiлгенiмен, оқушылардың жыл басында ұзын-сонар кезекпен кiтап сатып алуынан бейхабар. Осы мәселелерге ерекше тоқталған журнал тiлшiсi бұқара мен билiк арасына көпiр орнатқысы келедi.

Соңғы кезде қазақ киносына қатысты сын көп айтылып жүр. Соның iшiнде қазақ киносының қарашаңырағы «Қазақфильмнiң» де сын садағына жиi iлiгетiнi белгiлi. «Қазақфильмнiң» бүгiнгi басшысы Ермек Аманшаев «Ақ желкенге» «Рекетирден» түскен қаржы «Мұстафа Шоқайдан да асып түстi» деп ағынан ақтарыла сұхбат берiп, кино саласындағы жаңалықтарға тоқталып, бiраз проблеманың басын ашып түсiндiредi. Жалпы сұхбаттан «Аманшаев «Қазақфиьмге» келгелi не өзгердi?» деген сұраққа жауап ала аласыздар. Биыл қазақ мұнайына 110 жыл. Осы аталған мерейлi мерекеге орай, журналда экономика ғылымдарының докторы, профессор Тоқтар Есiркеповтiң «Қара алтын қанша уақытқа жетедi?» атты тұжырымдамасы жарық көрген. «Министрлер оқыған мектеп». Ол қай мектеп? Оны Алтынай Қабышованың мақаласынан табасыздар. Серiк Үсенұлының «Мың бiр түндi» қазақша сөйлеткен кiмдер?» атты дубляж саласына байланысты жазылған мақаласы да қызықты оқылады. Серiкбол Хасан «Ақсүйектер ойынына» шолу жасап, спорт пен саясаттың арасалмағын ойсүзгiден өткiзедi. «Поэзия», «Проза» айдарларынан жас қаламгерлер Серiк Сейтман мен Мәриям Әбсаттардың соңғы жазған шығармаларымен таныса аласыздар. Сондай-ақ, мектеп оқушылары мен студенттердiң тырнақалды туындылары да әдеттегiдей «Ақ желкеннен» орын алған. Еркiн күрестен тұңғыш қазақ қыздары арасынан шыққан әлем чемпионы Элеоноро Әбутәлiповамен болған сұхбат та ешкiмдi бей-жай қалдырмайды. Олай болса, «Ақ желкеннiң» жаңа санын оқуға асығыңыздар!

Ж. БАҚҚОНДЫҰЛЫ