АТА-АНАНЫҢ БАСТЫ МIНДЕТI – БАЛАҒА ЖАҚСЫ ТӘРБИЕ БЕРУ

АТА-АНАНЫҢ БАСТЫ МIНДЕТI – БАЛАҒА ЖАҚСЫ ТӘРБИЕ БЕРУ

АТА-АНАНЫҢ БАСТЫ МIНДЕТI – БАЛАҒА ЖАҚСЫ ТӘРБИЕ БЕРУ
ашық дереккөзі

Қай заманда болсын, ата-ананың алдында тұратын басты мiндеттердiң бiрi — естi, еңбексүйгiш, қайырымды бала тәрбиелеу.

Әр халық өзiнiң жас ұрпағын адал, үлкендi құрметтейтiн, әдiл, ержүрек, iзгi ниеттi болып өссiн деп армандайды. Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесiне үлкен көңiл бөлген. Қызын инабатты, ұлын намысшыл етiп өсiрудi көксеген атам қазақ, тәртiп бұзар тентегiн тез тыйып, ақылмен жөнге сала бiлген. «Ел боламын десең тағылымыңды, бесiгiңдi түзе» деп М.Әуезов айтқандай, немересiн жөргектен тәрбиеге баулып, ғибратты сөздi бесiк жырын құлағына сiңiрiп, қызықты ертегiлер, өнегелi әңгiмелермен адамшылдық қасиеттерге баулитын ата-әжелерiмiздiң бүгiнгi ұрпақ болашағы үшiн орны ерекше.

Отбасы – адам баласының өсiп-өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесiгi. Баланың өсуiне қарай оның тәрбиесi де күрделенiп оған қойылатын талаптар да арта түседi. Баланың ақыл-ойының дамуы, ұнамды мiнез құлқын қалыптастыру бiрiншi қатарға қойылады. Оның негiзi мектепке дейiнгi жаста үйде қалыптасатыны бәрiмiзге мәлiм. Бала жақсы адам болып өсуi үшiн, әр күн сайын дерлiк отбасы мүшелерi арасындағы ең жарасты, ең әдiлеттi қатынастардың куәсi болуы керек. Әке баладан анасын сыйлауын талап етедi, ал анасы баласына әкесiн асқар таудай биiктен көрсетiп, үлгi тұтады.

Қазақ халқы – дана халық. Өз ұрпағын үнемi жақсы қасиетке баулуды негiзгi мәселе деп қарастырған халық даналығына үңiлсек, «Қатарына қарап бала өсер», Ортаңа қарап өзiңдi таны» дейтiн мақалдарды кездестiремiз. Мұндағы ой балғын жастың мiнез-құлқының қалыптасуында. Оның өскен ортасының қатар-құрбы, жора-жолдастарының, сондай-ақ ата-ана, ұстаздардың өнеге үлгiлерi де айрықша маңызды екенiн аңғартады. Осы орайда, «Сүтпен бiткен мiнез сүйекпен кетедi» деген сөз ата-ана тәрбиесiнiң күштiлiгiн көрсетедi.

Бала тәрбиесi – баршаға ортақ. Өйткенi ол қоғамның болашағы.

Ендеше, бала тәрбиесiне баса назар аудару, болашаққа қоғамға қызмет көрсету екенi естен шығармайық ағайын!

Ұлжамал ЕЛБАЕВА, №18 орта мектеп бастауыш

әдiстеме бiрлестiк жетекшiсi