«ҚАЗАҚ ЕЛI» СӘУЛЕТ МҮСIН КЕШЕНI АШЫЛДЫ

«ҚАЗАҚ ЕЛI» СӘУЛЕТ МҮСIН КЕШЕНI АШЫЛДЫ

«ҚАЗАҚ ЕЛI» СӘУЛЕТ МҮСIН КЕШЕНI АШЫЛДЫ
ашық дереккөзі

Қайта жаңғыртылған «Қазақ елi» мемориалдық сәулет кешенi қазақ тарихының бедерi мен белестерiн түгел қамтыпты. Ашылу салтанаты қазанның 20-на тураланған кешендi алдыңғы жылы Астананың 10 жылдығына орайластыра тұсаукесерiн жасаған болатын. Монумент 1991 жылы алған тәуелсiздiкке сәйкес 91 метр ұзындықта жасалды.

Сонымен қатар стеланың биiгiне самұрық құс қонған. Еркiндiк пен тәкаппарлық, күш-қуат ұғымын бiлдiретiн самұрық құсы әдейi қойылған.

«Қазақ елi» мемориалдық кешенiнiң ашылуына Парламент сенатының төрағасы Қ.Тоқаев, қала әкiмi И.Тасмағамбетов, Премьер-министр К.Мәсiмов қатысты.

Тарихи кешендi толықтырған құрылыстарға «Астана бас жоспар» МКК-нiң бас сәулетшiсi Бақтыбай Тайталиев тоқтала келе, «негiзгi өзгерiстер тұғыр граниттiң төрт қабырғасына жасалғанын, олардың әрқайсысына көлемi 3,7х6,9 метрлiк қоладан құйылған барельефтер қойылғанын айтты. Кешеннiң құрылымы төрт базадан тұрады. Ендеше, орталық барельефте Елбасымыздың тұлғасы мүсiнделген. Ал оңтүстiк барельефте мүсiндер қазақ жауынгерлерiнiң ерлiгiн сипаттаса, келесiсiнде қазақ халқының ұрпағы еңбек ынтымақтастығын қалыптастыруға ұмтылуда. Соңғысында елiмiздiң iлгерi басқаны нақышталған. «Бедертастарда төрт құбыласын тең ұстаған Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтiк салаларының бiрлiгi бейнеленген», — дейдi Б.Тайталиев.

Жалпы «Қазақ елi» мемориалдық кешенi қазақ тарихындағы бастан кешкен қайғы-қасiрет пен қуаныш-шаттықтарын түгелдей қамтып тұр. Түсiнген ұрпаққа ата-баба тарихы сайрап тұр. «Қазақ елi» ұрпақтар байланысы мен уақыт үндестiгiн бiлдiредi. Бұл — ата-бабамыздың рухына тағзым етiп, жас ұрпақты iзгiлiкке, отансүйгiштiкке бастайтын киелi орын. Мiне, сондықтан да бiз үшiн оның маңызы зор» дедi Қ. Тоқаев

Ақниет БЕЙIМБЕТҚЫЗЫ