"Sataifilm" ұсынады: "АДАСҚАНДАР" КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

"Sataifilm" ұсынады: "АДАСҚАНДАР" КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

"Sataifilm" ұсынады: "АДАСҚАНДАР" КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ
ашық дереккөзі

Кейiнгi кезде елiмiзде жаманды-жақсылы бiршама фильмдер түсiрiлдi. Оның кейбiрi экранға жол тартпай жатып-ақ сынға ұшыраса, ендiгiсi көрерменнiң ыстық ықыласына бөленiп жатты. Сондай фильмнiң бiрi — талантты режиссер Ақан Сатаев түсiрген "Ағайынды" телесериалы.

"Sataifilm" киностудиясының шығармашылық ұжымы тағы бiр тыңнан түрен салған фильмдi дүниеге әкелдi. Бұған дейiн криминал жанрындағы "Рэкетир" фильмiн жылы қабылдаған киносүйер қауым бүгiннен бастап мистикалық жанрдағы алғашқы туынды — "Забдудившийся" фильмiмен қауышады. Естерiңiзге сала кетейiк, фильмнiң бюджетi 1 млн. АҚШ долларын құраған. 2008 жылдың күз айында түсiрiлiп бiткен фильмге 9 актер тартылыпты. Басты рөлдерде Ресей актерi — Андрей Мерзликин, шалдың ролiнде ҚР Халық әртiсi Тұңғышбай әл-Тарази, қыздың рөлiнде — Айғаным Садықова. Фильмнiң жалпы сюжет желiсiне келсек, мынадай. Ресейден Қазақстанға қыдырып келген отбасы қазақтың кең сахарасында адасып, түнде көлiктерiне қонуға мәжбүр болады. Таң ата ұйқыдан оянған Мерзликин жанындағы әйелi мен баласының жұмбақ жағдайда жоғалып кеткенiне таң қалады. Жақындарын iздеуге шыққан ол әбден шалдап-шалдыққан кезде айдалада бiр кiшкентай кiрпiш үйдi көредi. Онда бiр шал мен қыз тұрады екен. Олар жiгiттiң отбасының қайда екенiн бiлсе де, жасырады. Неге? Себебiн, фильмдi соңына дейiн тамашалаған кезде бiлетiн боласыз.

"Заблудившийся" фильмiнiң басты рөлiн (шалдың) сомдаған Тұңғышбай әл-Таразиға Ақан Сатаевтың идеясы ұнапты. "Сценариймен танысқан сәтте-ақ фильмнiң үлкен пәлсафалық ой салатынына көзiм жеттi. Пенде болған соң жүрiс-тұрысымыздың, қателiгiмiздiң мәнiн кеш бiлiп жатамыз. Мiне, фильм осы жағынан көрерменнiң жүрек пердесiн ашады", — дейдi Тұңғышбай мырза. Демек, мистикалық триллер жанрындағы алғашқы туынды шындық пен қиял-елестi бiр-бiрiмен аралас ұсынып отырады. Адам өзiнiң iстеген iс-әрекетiне баға берiп, жасаған қиянаттары үшiн кешiрiм сұрауды әркез естен шығарады. Тура жолдан адасып, оны қайта табуға асықпайды. Мiне, шалдың рөлiндегi Тұңғышбай мырза адамдардың қателiгiн қалт жiбермей, бақылап отыратын, жоғарыдан жiберiлген алапат күштiң иесi.

Режиссер Ақан Сатаевтың айтуынша, фильм Монреаль, Венеция, Токио және Түркия елiндегi кинофестивальге қатыстырылмақ. Қазiрдiң өзiнде көптеген ұсынысқа ие болып отырған фильм көрерменнiң ойын дөп басатын туынды болатынына сенейiк. "Бiткен iске сыншы көп" десек те, жекеменшiк студиясы арқылы жылы дүниелердi өмiрге әкеп жатқан режиссер Ақан Сатаевтың кезектi фильмi де бүгiнгi қоғамның қалтарыстары мен бұлтарыстарын аша түсiп, өмiр, тiршiлiк, уақыт жайлы ой түюге шақырады. Батыстың атыс-шабыс, шым-шытырық көрiнiстерiне көзi үйренiп қалған отандық көрерменнiң қазақы триллердi қалай қабылдайтынын уақыт көрсетедi.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ