«АЛҚА» «ХАБАРСЫЗ» КЕТКЕНДЕРГЕ IЗДЕУ САЛДЫ

«АЛҚА» «ХАБАРСЫЗ» КЕТКЕНДЕРГЕ IЗДЕУ САЛДЫ

«АЛҚА» «ХАБАРСЫЗ» КЕТКЕНДЕРГЕ IЗДЕУ САЛДЫ
ашық дереккөзі

«Алқа» журналының сегiзiншi нөмiрi «Кiм қайда жүр?» деген мақаламен ашылыпты. Бiрқатар елге танымал азаматтардың «…бозторғай тұсына» деп, көзден қалай таса болғанын, қазiр не қарекет жасап жүргендерiн «мұрнынан тiзiп» жазыпты. «Заманың түлкi болса…» айдарымен берiлген «Кеңес Аухадиев немесе элита қалай қудаланды?» атты сұхбаттың да осы тақырыпқа табиғаты жақын. «Қазақстанның мәдени символы қай ескерткiш?» деген әлеуметтiк сауалнама төңiрегiндегi талқылау да өтпелi кезең ұстындарын сараптауға арналған екен. Танымал журналист Сәкен Сыбанбайдың «Сенi қандай шыбын шағып алды?» атты мақаласында қазақ телеарналарының көркем фильмдердi аударудағы өрескел кемшiлiктерi көзге шұқып көрсетiлiптi. Ал, Азат Перуашевпен сұхбат атына заты қаншалықты сай екенiн кiм бiлген, әйтеуiр «Ұлттық буржуазияны қолдайтын мезгiл жеттi» деген өз сөзiмен берiлiптi. Журналда бұдан басқа да қызықты оқылатын дүниелер бар.

Ж.БАҚҚОНДЫҰЛЫ