“ХАБАР-ЖЕР” МҮШЕЛГЕ ТОЛДЫ

“ХАБАР-ЖЕР” МҮШЕЛГЕ ТОЛДЫ

“ХАБАР-ЖЕР” МҮШЕЛГЕ ТОЛДЫ
ашық дереккөзі

Соңғы кездерi ауыл шаруашылығы мәселесi бүкiл ақпарат құралдарында қозғалатын тақырып. Елiмiз ендi ғана агроөнеркәсiптiң қарқыны мен қазынаға түсiрер пайдасын түсiнгендей. Күнi кеше ғана ауыл шаруашылығы тақырыбы ешкiмдi толғандыра қойған жоқ. Әйтсе де 90-жылдардың соңынан агроөнеркәсiптiң даму үрдiсiн басты мақсатқа айналдырып, халыққа хабардар ететiн жалғыз бағдарлама жұмыс iстеп тұрды.

“Хабар” арнасының эфирiнен ауыл тұрғындары асыға күтетiн “Хабар Жер” бағдарламасының тұсауы осылай кесiлген-дi. Бағдарламаның продюсерi Қарлығаш Бисалиева бағдарламаның идеясы мен өмiрге келу тарихы туралы: — Естерiңiзде болса, дәл осы тұста елде қиын-қыстау кезең орын алды. Ауылды жерлерде ұжымшарлар тарқап кеттi. Бұл өз кезегiнде ауыл шаруашылығының дамуын бiршама уақытқа кiдiрттi. Осы кезде ел экономикасына сүйеу боларлық, елге бағыт-бағдар берерлiктей бағдарламаның идеясы көтерiлiп, соның негiзiнде “Хабар Жер” бағдарламасы дүниеге келдi”, — дейдi. Расында өтпелi кезеңнiң қиындықтарын бастан кешiрген қазақ кәсiпкерлерi, тiптi қарапайым халық та дағдарып қалған тұс болатын. Елдiң тұрмысы ауыл шаруашылығына тәуелдi болғандықтан, елде экономикалық жағдай күрт төмендеген-дi. Осы кезде “Хабар Жер” ауыр жүктi мойнына алды.

Әдетте телебағдарламалардың ғұмыры ұзаққа бармайды. Бiраз уақыттан кейiн көрерменге мезi болып, демеушi таппай, ақыры жабылып тынады. Десе де “Хабар жердiң” тағдыры мүлдем бөлек. Бағдарламаның агроөнеркәсiпке байланысты кеңестерi, мәлiметтерiмен бөлiсiп келе жатқанына биыл 12 жыл болды. Осы уақыт аралығында бағдарламаны “Азық-түлiк” келiсiм-шарт корпорациясы және “Казагро” демеп отырды. Бағдарламаның көрермен көзайымына айналуының бiр себебi қызықты да пайдалы мәлiметтерi. Ендеше осы мақсатта бiрнеше айдарлар жекелей жұмыс жасап келедi. Әрқайсысының өз көрерменi, өз айтар кеңесi бар. Әсiресе, ауыл адамдарының асыға қарайтын айдары — “Шаруа мектебi”. Бұл айдарда фермерге тиiмдi кеңестер берiледi. Сол сияқты “Ауылым — алтын бесiгiм” атты айдарда өз ауылын өрге сүйреген ел азаматтары жайында қысқаша дерек айтылады. Сондай-ақ, “Хабар-Жер” бағдарламасы көрермендерiн жаңа айдарларымен қуантпақшы. Мәселен, “Агроәлем”, “Агроарсенал”. Сондай-ақ, “Дипломмен ауылға” мемлекеттiк бағдарламасының бiрден-бiр қолдаушысы осы “Хабар-Жер” болып отыр. Аудан орталығы мен ауылға барған жас мамандарды үлгi ретiнде көрсетiп отырады.

Қазiр республика аумағының 95%-ын қамтып отыр. Эфирде жарты сағат аясында хабар таратып қана қоймай, ақпараттық сараптамалы тележурналға айналды. Басты мақсат — ауыл шаруашылығы келеңсiздiктерiн шешу шығармашылық ұжымның мойнында. “Хабар Жермен” бiрге жасасып келе жатқан редактор Сәуле Алтынбаева: “Бағдарламаның жандануы ұжымға байланысты. Былтырдан берi жаңа да екпiндi толқын келдi. Мен бағдарлама ашылғалы берi жұмыс жасап келемiн. Шығармашылық топты атап өтсек, редакторлар Сансызбай Өкенұлы, Аяжан Әлкенова, Еркебұлан Бекмұханбетов, жүргiзушi Өркен Жоямерген және басқалары агропроблемаларды шешуге ат салысып келедi”.

Ауыл шаруашылығы саласының бiрден-бiр жанашыры “Хабар Жер” Ауылшаруашылығы министрлiгiнiң аграрлық сектор мәселелерiн халыққа көрсетiп қана қоймай, оң шешiмiн ұсынып отырғаны үшiн “Алтын Жұлдыз” сыйлығымен, ҚР Ауыл шаруашылығының арнайы дипломдарымен марапатталды.

Мемлекет тiрегi экономика десек, экономика тiрегi ауыл шаруашылығы. Ендеше “Хабар Жер” агроөнеркәсiптi дамыту арқылы ел экономикасына өз үлесiн қосып келедi.

Ақниет ОСПАНБАЙ