ЕЛБАСЫНЫҢ КIТАБЫН ТАНЫСТЫРДЫ

ЕЛБАСЫНЫҢ КIТАБЫН ТАНЫСТЫРДЫ

ЕЛБАСЫНЫҢ КIТАБЫН ТАНЫСТЫРДЫ
ашық дереккөзі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң қабырғасында Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлының орыс тiлiнде шыққан “Ғаламдық қауымдастықта радикалды жаңару мен өркениеттер серiктестiгiнiң стратегиясы” (“Стратегия радикального обновления глобального сообщества и партнерство цивилизаций”) кiтабын көпшiлiк назарына ұсынды.

Кiтаптың тұсау кесер рәсiмiне арнайы келген Ресей Жаратылыстану ғылым академиясының директоры Олег Кузнецов және ЕурАзЭҚ интеграциялық мәселелердi стратегиялық зерттеу институтының директоры Анатолий Спицин келдi. Аталған кiтап көршiлес ел ғалымдары арасында қызу талқыға түсiп, түрлi пiкiрлерiн университеттiң оқытушы-ұстаздар қауымымен бөлiстi.

Ресей Жаратылыстану ғылым академиясының директоры Олег Кузнецов: “Бүгiнгi кiтаптың таныстырылымы кешегi жергiлiктi өркениеттердiң ғаламдық мәселелердi шешудегi өзектi мәселелерiне арналған III Өркениеттер форумы аясына өткiзiлiп отыр. Форумда қазақ және орыс ғалымдары топтасып, әлемдегi Қазақстан мен Ресейдiң ертеңгi тыныс-тiршiлiгi жайлы әңгiме қозғалған болатын. Қолымыздағы кiтап осы сұрақтар төңiрегiнде толыққанды жауап бере алады. Өзектi мәселелерге салиқалы сараптама жасап, қазiргi таңдағы ғаламдық дағдарыстың себеп-салдарын iздеп, одан озып шығудың жолдарын көрсетедi” дейдi.

Жалпы алғанда дағдарыс қолданыстағы қаржылық, кейде саяси жүйе осы заманғы талаптарға сәйкеспей, қалыптасқан жағдайды еңсере алмаған кезде болатын тоқырау. Сонымен қатар, дағдарыс – азаматтың, мемлекеттiң, экономика мен саясаттың қиын қалтарыс-бұлтарысында жаңа жол табу, iзденiс жасау екендiгiн есiмiзге салады.

Саясаткерлердiң арасында алғашқы боп, дағдарыстың себебiн атады. Кiтапта тек қаржылық, экономикалық дағдарыс емес, тұтастай жүйенiң ақсағандығы айтылады.

– “Бұрынғы КСРО-дан тарап, жаңадан құрылған мемлекеттер iшiнде Қазақ елi әлес назарын өзiне аударып келедi. Қоғамдық-саяси жүйенi бүгiннiң талабына сәйкестендiру мақсатында жаңа идеялар мен iзденiстер жасап, оны iске асыруда Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың орны ерекше. Ресейлiктердiң пiкiрiншi Н.Әбiшұлын әлеуметтiк-саяси қайта құрулардың Қазақстандағы ғана бастаушысы емес, әлемдiк қауымдастықта да танылған адам деп түйiндедi ЕурАзЭҚ интеграциялық мәселелердi стратегиялық зерттеу институтының директоры Анатолий Спицин.

Қонақтар Қазақстан жайлы айтқанда ресейлiк ғалым, экономист, академик Львовтың сөзiн еске алды: “Естiр құлақ болса, 15 жылдан соң Қазақстанның қалай өзгергендiгiн естисiздер, көрер көз болса, соның куәгерi боласыздар, ал естi ел болса Қазақ елiнiң жүрiп өткен жолына назар салып, үлгi етедi”. Ылайым солай болғай.

Гүлназ ҚҰЛМАХАНОВА