БТА банк Кредиторлар комитетiмен кездестi

БТА банк Кредиторлар комитетiмен кездестi

БТА банк Кредиторлар комитетiмен кездестi
ашық дереккөзі

Өткен аптада БТА банк АҚ Кредиторлар комитетiмен баспасөз мәслихатын өткiздi.

Кездесуде қаралған басты мәселе кредиторлар қызметiн қайта құрылымдау және кредиттер бойынша шығындар резервiн ұлғайту қаралды. Осы және де басқа мәселелер төңiрегiнде бұдан бұрын 3 және 4 қыркүйекте БТА-ның бизнес жоспарын айқындау барысында талқыланған болатын. Кредиттер комитетiн қайта құрылымдау аясында БТА тарапынан бiрнеше жеңiлдiктер ұсынылды. Яғни, кредиторлар 60%-ның дисконтымен мiндеттемелер мерзiмiн орташа мерзiмдiк кезеңге және 2-деңгейлi капиталда ескерiлетiн борыш мерзiмiн ұзарта алады. Сонымен қатар Активтердi қайта қалпына келтiруге мүмкiндiк беретiн облигациялар арнайы кредиторлар үшiн жасалды. Алайда мұндай жеңiлдiктер кредиторлардың көңiлiне жаға қоймағандықтан, алда тағы келiссөздер жүргiзу жоспарланып отыр.

БТА-ның ҚР аумағында 22 филиалы және 274 бөлiмшеге, сонымен қатар 835 банкомат пен өзiне-өзi қызмет көрсететiн 860 терминалға иелiк етедi.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ