КҮН ЖҮЙЕСIНIҢ ОРТАҚ КYНТIЗБЕСI

КҮН ЖҮЙЕСIНIҢ ОРТАҚ КYНТIЗБЕСI

КҮН ЖҮЙЕСIНIҢ ОРТАҚ КYНТIЗБЕСI
ашық дереккөзі
328

Белгiлi бiр дәрежеде тәулiк, ай және жылды өзара сәйкестендiруге ұмтылу, бiрнеше мыңдаған жылдар бұрын дiни, салт-дәстүр, тұрмыс-тiршiлiк және т.б. қажеттiлiктен күнтiзбенiң үш түрiнiң пайда болуына әсер еттi:

1) мөлшерi тәулiктен үлкен уақыт есебi — 29 не 30 күн бойы көзге көрiнiп отыратын “туар ай” болғандықтан, оның санын 12 айда бiр рет түйiндеу арқылы, шамамен 5-6 мың жыл бұрын тәулiк пен туар айды сәйкестендiрудi көздеген Ай күнтiзбесi пайда болды;

2) Ай жылы Күн жылынан 10-12 тәулiк аралығында қысқа болғандықтан, таза Күннiң қозғалысына негiзделген Күн күнтiзбесi шамамен 4-5 мың жыл бұрын пайда болып, онда тәулiк пен Күн жылын өзара сәйкестендiруге ұмтылыс жасалды;

3) ақыр соңында, Ай жылы мен Күн жылын өзара сәйкестендiруге ұмтылыс жасау, шамамен 3-4 мың жыл бұрын Ай-Күн күнтiзбесiнiң пайда болуына ықпал жасады. Уақыттың үш бiрлiгiн (тәулiк, ай және жыл) өзара сәйкестендiруге ұмтылыс жасау, күтпеген жерден күллi Күн жүйесiнiң ортақ күнтiзбесiн жасауға мүмкiндiк беретiн циклды есептеп шығаруға алып келдi. Төмендегi мақала негiзiнен осы тақырыпқа арналады…

…Аспан денелерiмен ешбiр ортақ қатысы болмаса да — 365,25 немесе 365 тәулiк 6 сағатқа тең Юлий күнтiзбесi ендiрiлген б.з.д. +45 (-44) жылдың 1-қаңтар күнi Жер бетiндегi күнтiзбелердiң үш түрiн ортақ циклге бiрiктiрiп қана қоймай, сонымен бiрге уақытты үздiксiз түрде … миллиондаған жылдар бойы “мәнгiлiк” түрде есептей алатын, күллi Күн жүйесiнiң ортақ күнтiзбесiн жасауға тамаша мүмкiндiк бередi. Ай-Жер-Күндi ортақ айналымға бiрiктiру үшiн циклдың “омыртқасын” Юлий жылының мөлшерiмен, яғни 365,25 тәулiкпен тығыз байланысы бар туар (синодтық) ай құрауы қажет. Тұрмыста бұл уақыт есептеу түрiн — Ай-Күн күнтiзбесi деп атайды және ол үшiн ең қолайлы цикл 532 жылдық цикл немесе “ұлы индиктион” деп есептеледi. Осы циклдiң көмегiмен VI ғасырда Кiшi Дионисий тақуа (түп-төркiнi Сақ-Скиф) “Христос туылғаннан басталатын” жылсанауды есептеп шығарған. Сырттай қарағанда, бұдан жақсы теңдеудi табу мүмкiн емес сияқты көрiнедi:

19 Ай-Күн жылы (Х “икс”) Х 28 Күн жылы (У “игрек”) = 532 жыл (Z “зет”) Х 365,25 күн = 194 313 күн : 6580 ай = 29,53085106 күн немесе

76 Ай-күн жылы Х 7 цикл = 532 жыл Х 365,25 күн = 194 313 күн : 7 күн = 27 759 апта.

Бiрақ бұл теңдеу жүйесiнде туар (синодтық) ай мөлшерi астрономиялық дәл мөлшерден 0,00026286 күн немесе 22,7 секундқа артық болатындықтан — 1 күндiк қателiк 3804 айда немесе 308 жылда пайда болады. Дәл осы себеп бойынша, 532 жылдық циклмен байланысты айналымдарды талдап қорыту және дамытуда ешбiр маңыз жоқ деп есептеймiз!

ЖАҢА ТЕОРИЯНЫҢ СИПАТТАМАСЫ:

Егер Ай-күн жылы — Юлий күнтiзбесiне негiзделуi қажет болса, онда “Х” циклы жоғарыдағыдай (19 жыл) “тақ” санға емес, 4 санына қалдықсыз бөлiнетiн “жұп” санға сәйкес келуi қажет. Ал “У” циклi күнделiктi тұрмысымызға сiңiсiп кеткен тропиктiк жылға және туар ай мөлшерiмен байланысы бар “тақ” санға сәйкес келетiн болуы тиiс. Егер табиғатта мұндай цикл болатын болса, ол мiндеттi түрде Ай-Жер-Күндi ортақ айналымға бiрiктiретiн “Z” циклi болып табылады!

“Х” ЦИКЛI

Ай-Күн күнтiзбелерiне арналған циклдерiнiң iшiнде, “Х” рөлiне тек 16 жылдық “эккадекаэтерида” циклi ғана ұсынылады:

16 жыл Х 365,4375 күн = 5847 : 198 ай = 29,5303030 күн немесе 105 Х 30 + 93 Х 29 = 5847 күн

16 Х 10 = 160 жыл Х 365,25625 күн = 58 441 : 1979 ай = 29,53057099 күн немесе 1050 Х 30 + 929 Х 29 = 58 441 күн.

Көрiп отырғанымыздай, ежелгi грек ғалымы Эратосфеннiң кеңейтiлген циклiн пайдалана отырып, тәулiк, туар ай мөлшерiн, Юлий және жұлдыздық (сидерлiк) жыл мөлшерлерiмен жуық түрде сәйкестендiруге болады.

“У” ЦИКЛI

Күн күнтiзбелерiне арналған циклдер арасынан ешбiр Күн күнтiзбесi жүйелерiнде қолданылмаған 29 жылдық циклдi таңдап алдық. Ол iшiнара тропиктiк жыл мен туар айдың мөлшерiне сәйкес келедi:

365 Х 22 + 366 Х 7 = 10592 күн : 29 жыл = 365,24137931 күн

181 Х 30 + 178 Х 29 = 10 592 күн : 359 ай = 29,504178 күн

Бұл цикл өзiнiң мөлшерi бойынша әрбiр 4 цикл сайын (29 Х 4 = 116 жыл) Юлий күнтiзбесiнен тұп-тура 1 күнге қалып отырады, ол осы арқылы Юлий күнтiзбесi мен тропиктiк жылдың мөлшерi арасындағы шекараны айқын анықтап отыруға мүмкiндiк бередi:

365 Х 87 + 366 Х 29 = 42 369 күн : 116 жыл = 365,25 күн

365 Х 88 + 366 Х 28 = 42 368 күн : 116 жыл = 365,24137931 күн

753 Х 30 + 682 Х 29 = 42 368 күн : 1435 ай = 29,524739 күн

ҮШ ТҮРЛI КҮНТIЗБЕ ЖҮЙЕСIНIҢ ОРТАҚ “Z” ЦИКЛI

16 жылдық Ай-Күн күнтiзбесiнiң “Х” циклi мен 29 жылдық тропиктiк Күн жылының “У” циклiн бiр-бiрiне көбейтiп — 464 жылдық “Z” циклiне ие боламыз.

464 жылдық “Z” циклiнiң математикалық теориясы:

348 Х 365 + 116 Х 366 = 169 476 : 464 жыл = 365,25 күн

Ай-Күн күнтiзбесi үшiн:

16 жыл Х 10 = 160 жыл Х 2 + 144 жыл = 464 жыл

16 жыл (198 ай) Х 10 = 160 жыл (1980 ай — 1 ай (29 күн) = 1979 ай);

16 жыл (198 ай) Х 9 = 144 жыл (1782 ай — 1 ай (29 күн) = 1781 ай);

16 жыл (198 ай) Х 10 = 160 жыл (1980 ай — 1 ай (29 күн) = 1979 ай).

464 жыл Х 365,25 күн = 169 476 күн : 5739 ай = 29,53058024 күн немесе туар (синодтық) ай мөлшерi астрономиялық дәл мөлшерден небәрi 0,00000796 күн немесе 0,6877 секунд қана қысқа болып шығады. Демек 1 күн қателiк — 10 200 Юлий жылы өткенде ғана пайда болады!

Бұдан әрi 464 жылдық “Z” циклi негiзiнде бiздер шартты Ай-Күн күнтiзбесiнiң жобасын жасап шықтық. Онда 293 жыл — 12 айдан және 171 жыл — “эмболисмикалық” 13 айдан құралады. Бұл жылдар мынадай үлгiмен орналастырылды:

165 Х 354 + 128 Х 355 + 60 Х 383 + 89 Х 384 + 22 Х 385 = 58410 + 45440 + 22980 + 34176 + 8470 = 169 476 күн

464 ЖЫЛДЫҚ “Z” ЦИКЛIНIҢ ТРОПИКТIК ЖЫЛМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Тропиктiк күн күнтiзбесi үшiн:

29 жыл Х 4 = 116 Х 4 = 464 жыл Х 365, 24137931 күн = 169 472 күн : 5739 ай = 29,529883 күн

Егер тропиктiк орташа жылдың мөлшерiн, Ай және Ай-Күн күнтiзбелерiне өте дәл сәйкес келетiн туар ай мөлшерiмен теңестiргiмiз келсе, төмендегi теңдеу жүйелерiн пайдалануға болады. Бұл өз кезегiнде 464 жылдық “Z” циклi бойынша анықталған уақытты қазiргi кезде үйреншiктi болып қалған 100 жылдық ғасырлар бойынша есептеуге мүмкiндiк бередi:

29 жыл Х 4 = 116 Х 25 = 2900 жыл Х 365,242413793 күн = 1 059 203 күн;

35 868 туар (синодтық) ай Х 29,5305843648 күн = 1 059 203 күн;

49 Ай жылы Х 61 цикл = 2989 Ай жылы Х 354,367012378 күн = 1 059 203 күн.

ЕСКЕРТУ: 464 жылдық “Z” циклiнiң тәулiктi бөлшек санға бөлiп есептеген төмендегi теңдеу жүйесiнен (464 Х 100 цикл = 46 400 жыл) 46 400 жылда — Юлий күнтiзбесi мен тропиктiк жылға негiзделген күнтiзбе арасында 1 жылдық айырмашылық болатынын байқауға болады:

464 жыл Х 365,25 күн = 169 476 күн — 3,6 (3,65) күн = 169 472,4 (0,35) күн : 464 жыл = 365,242241379 күн.

464 ЖЫЛДЫҚ “Z” ЦИКЛIНIҢ ЖҰЛДЫЗДЫҚ ЖЫЛ ЖӘНЕ СИДЕРЛIК АЙМЕН БАЙЛАНЫСЫ

16 Х 29 = 464 жыл Х 365,256465517 күн = 169 479 күн немесе жұлдыздық (сидерлiк) жыл мөлшерi астрономилық дәл мөлшерден небәрi — 0,000099957 немесе 8,63 секунд қана артық болып шығады.

464 жыл Х 365,25 = 169 476 : 6203 ай = 27,3216186 күн немесе жұлдыздық (сидерлiк) ай мөлшерi астрономилық дәл мөлшерден небәрi — 0,00004243 күн немесе 3,66 секунд қана қысқа болып шығады.

464 ЖЫЛДЫҚ “Z” ЦИКЛIНIҢ — 6 КҮНДIК АПТАМЕН БАЙЛАНЫСЫ

169 476 : 7 күн = 24 210 апта және 6 күн қалдық немесе 169 476 : 6 күн = 28 246 апта. Көрiп отырғанымыздай, “Z” циклiндегi тәулiк сандарына 7 күндiк апта 6 күн қалдықпен, ал 6 күндiк апта қалдықсыз бөлiнедi. Негiзiнде күнтiзбелер жүйесi үшiн қаншалықты “қасиеттi” болса да, 7 күндiк аптадан көрi — 6 күндiк апта әлдеқайда қолайлы екенi салыстырмалы түрде айқын көрiнедi. Мысалы:

1) 365 күн : 7 күн = 52 апта 1 күн қалдық және 366 күн : 7 күн = 52 апта 2 күн қалдық

2) 365 күн : 6 күн = 60 апта 5 күн қалдық және 366 күн : 6 күн = 61 апта

1) 28 жыл Х 365,25 = 10 227 күн : 7 күн = 1461 апта (7 күндiк апта бойынша)

2) 8 жыл Х 365,25 = 2 922 күн : 6 күн = 487 апта (6 күндiк апта бойынша)

464 ЖЫЛДЫҚ “Z” ЦИКЛIНIҢ ҺИЖРАЛЫҚ АЙ (ҚАМАРИ) КҮНТIЗБЕСIМЕН БАЙЛАНЫСЫ

“Z” циклiндегi барлық 5739 синодтық ай мөлшерiн 12 айға бөлгенде — 478 Ай жылы және 3 ай қалдық қалатыны Ай (Қамари) күнтiзбесiнiң жаңа жобасын жасап шығуға қолайлы жағдай тудырады:

5739 ай Х 4 = 22 956 ай : 12 = 1913 Ай жылы

1392 Х 365 + 464 Х 366 = 677 904 : 1856 жыл = 365,25 күн

1211 Х 354 + 702 Х 355 = 677 904 : 1913 жыл = 354,366963 күн : 12 ай = 29,5305802 күн

Соңғы нәтижеде анықталған Ай жылының мөлшерi қазiргi ғылым белгiлеген мөлшерден небәрi — 0,00009551 немесе 8,2525 секунд қана қысқа болғандықтан, 1 күндiк қателiктi тек 10 400 жыл өткенде ғана бередi!

Жоғарыда келтiрiлген теңдеу жүйесi, Ай күнтiзбесiмен байланысы бар Һижралық жылсанауға негiзделген Шамси күнтiзбесiнiң жаңа жобасын жасауға мүмкiндiк бередi.

1406 Х 365 + 450 Х 366 = 677 890 : 1856 жыл = 365,242456896 күн

Соңғы нәтижеде анықталған тропиктiк жыл мөлшерi қазiргi ғылым белгiлеген мөлшерден небәрi — 0,000258106 немесе 22,30 секунд қана көп. Тропиктiк жыл мөлшерiнiң дәлдiгiн арттыру үшiн 3712 жыл iшiнде 1 тәулiктi қысқартса жетiп жатыр. Сонда мынадай теңдеу жүйесi пайда болады (116 жыл Х 16 = 1856 жыл Х 2 = 3712 жыл : 29 = 128 жыл):

2784 Х 365 + 928 Х 366 = 1 355 808 күн : 3712 жыл = 365,25 күн

2813 Х 365 + 899 Х 366 = 1 355 779 күн : 3712 жыл = 365,2421875 күн

Соңғы нәтижеде анықталған тропиктiк жыл мөлшерi қазiргi ғылым белгiлеген мөлшерден небәрi — 0,00001129 немесе 0,98 секунд қана аз болғандықтан, 1 күндiк қателiктi тек 88 500 жыл өткенде ғана бередi!

Сонымен бiр дерлiкте Таяу Шығыс елдерiнде әлi күнге дейiн iшiнара қолданылатын “Бурудж” (Шоқжұлдыз) күнтiзбесi үшiн төмендегi теңдеу жүйесi өте дәл сәйкес келер едi:

1380 Х 365 + 476 Х 366 = 677 916 : 1856 жыл = 365,256465517 күн немесе анықталған жұлдыздық (сидерлiк) жыл мөлшерi қазiргi ғылым белгiлеген мөлшерден небәрi — 0,000099957 немесе 8,63 секунд қана көп! Яғни, 1 күн қателiктi — 10 000 жыл өткенде ғана бередi!

1913 Ай жылының iшкi жүйесiн 49 (354,36734/29,53061 күн) және 50 (354,36/29,53 күн) жылдық Ай циклдерi iшiнара кезектесiп қайталану (49 жыл Х 37 + 50 жыл Х 2 = 1913 жыл) арқылы құрай алады.

ХРИСТИАНДЫҚ ЖЫЛСАНАУ ДӘУIРIН — ҺИЖРАЛЫҚ ЖЫЛСАНАУ ДӘУIРIМЕН БАЙЛАНЫСТЫРУ ТӘСIЛI

Әлемдiк саясатта, экономикалық қарым-қатынас жасауда, одан басқа тарих, ғылым, мәдениет және т.б. салаларда Ислам әлемi мен Христиан әлемiнiң арасында недәуiр “салқындықтың” бар екенi рас. 2001 жылғы 11-қыркүйек оқиғасынан кейiн бұл салқындықтың мүлде шиеленiсе түскенi де аян. Жалпы үйкелей берсе, ағаштан да от шығып кететiнiн бiлетiн әлем халқы, соңдарынан ерген миллиардтаған жақтаушылары бар осы екi дiннiң татуласқанын қалар едi. Егер бұл ұлы екi дiндi әйгiлi саясатшылар мен дiндарлар қауымы бiрiктiре алмаса, тым болмаса ғылым жолымен жылсанаулары бойынша бiздер жақындастырып көрсек не болар едi?

Қандай құдiрет екенiн қайдам, бiрақ, Юлий күнтiзбесiнiң тұп-тура б.з.д. +45 (-44) жылдың 1-қаңтар күнiнен, ал Һижралық Ай (Қамари) күнтiзбесiнiң тұп-тура б.з. 622 жылдың 16-шiлде күнiнен басталуы, осы екi жылсанау дәуiрлерiн (христиандық-мұсылмандық) бiр-бiрiмен жiгiн бiлдiрместен, тығыз байланыстыруға қолайлы жағдай тудырады.

Хронологиялық есептеулер жүргiзу арқылы б.з.д. +45 (-44) жылдың 1-қаңтары (жаңа ай туылған күн) мен б.з. 622 жылғы 14-шiлде (жаңа ай туылған күн) аралығында тұп-тура — 243 451 күн бар екенiн және оның өз кезегiнде 8244 туар (синодтық) айға немесе 687 Ай (Қамари) жылына сәйкес келетiнiн есептеп шығу қиын iс емес (49 жыл Х 13 = 637 жыл + 50 жыл = 687 жыл). Һижралық жылсанау бойынша жүргiзiлетiн мұсылмандық Ай (Қамари) күнтiзбесi — Айдың жiңiшке орағы (неомения) көрiнгеннен бастап есептелетiнiн ескерсек, онда б.з.д. +45 (-44) жылдың 3-шi қаңтарынан б.з. 622-шi жылғы 16-шы шiлдесiне дейiн де дәл осынша уақыт (243 451 күн) өткенiн бiлемiз. Яғни, хижралық Ай (Қамари) күнтiзбесiндегi датаны 1856 жылдық Юлий немесе Һижралық Шамси күнтiзбесiне аударғанда, ол үнемi 1-шi жылдың 3-қаңтармен басталып, 1856-шы жылдың 2-қаңтарымен аяқталып отырады.

464 ЖЫЛДЫҚ “Z” ЦИКЛIНIҢ КӨМЕГIМЕН ҚАЗIРГI ЖЫЛСАНАУ ЖҮЙЕСIН РЕТКЕ КЕЛТIРУ ТӘСIЛI

Егер адамзат өркениетi өз жылсанауын ешбiр дiнге қатысы жоқ, бейтарап жылсанау нүктесiнен бастауды қалайтын болса, онда ол жылсанаудың “нөлiншi жылына” Ислам әлемi мен Христиан әлемiнiң жылсанауын сәйкестендiруге ықпал еткен б.з.д. +45 (-44) жыл + 1856 жыл = б.з.д. +1901 (-1900) жылы өте дәл сәйкес келедi. Бұл жағдайда биылғы 2009 жыл дүниежүзiлiк күнтiзбе реформасы жүзеге асырылатын болса (2009 + 1900 = 3909) … 3909 жыл болып есептеледi және қазiргi уақытта б.з.д. даталарға сәйкес келетiн көне тарихы бар бiрқатар ұлттарға тиесiлi жылсанау жүйелерi, б.з. деп есептелетiн жаңа жылсанау жүйесiнiң iшiне кiредi. Сондай-ақ “Христостың туылу датасы” деп қате есептелген қазiргi христиандық жылсанаудың төңiрегiндегi дау-дамайлардың да тоқтары даусыз!

Жоғарыда келтiрiлген баяндаулардан — 464 жылдық “Z” циклi негiзiнен Жер бетiнде пайда болған үш күнтiзбе (Ай, Ай-Күн және Күн күнтiзбелерi) түрiне таптырмас қайталанбалы кезең (цикл) екенi дау тудырмаса керек деп ойлаймыз…

46 400 ЖЫЛДЫҚ “W” ЦИКЛIНIҢ КҮН ЖҮЙЕСIНДЕГI ПЛАНЕТАЛАРМЕН (ҒАЛАМШАРЛАРМЕН) БАЙЛАНЫСЫ

Ең баста тек Жер бетiндегi үш күнтiзбе түрiн ғана бiр-бiрiмен сәйкестендiрудi мақсат етiп қойғанымызбен, 464 жылдық “Z” циклiнiң жұлдыздық (сидерлiк) жыл мөлшерiне сәйкес келуi, бiздi 464 жылдық “Z” циклiн Күн жүйесiндегi планеталармен (ғаламшар) байланыстырып көруге итермеледi. Соңғы нәтижеде — 46 400 жылдық “W” циклiнiң Күн жүйесiндегi планеталардың Күндi айналу мөлшерлерiне сәйкес келетiн дәлдiгi анықталды.

Күн жүйесiндегi планеталардың жуық түрдегi күнтiзбелiк уақыттарын бұдан әрi 464 жылдық “Z” циклiмен есептеу мүмкiн еместiгi белгiлi болады. Сол себептi өте үлкен уақыт кезеңiн қамтитын “W” циклiн есептеп шығардық. Ол үшiн мынадай математикалық амалды қолданамыз:

16 жыл Х 29 жыл = 464 жыл Х 25 цикл = 11 600 жыл Х 4 цикл = 46 400 жыл : 1856 жыл = 25 цикл немесе 2900 жыл Х 4 цикл = 11 600 жыл Х 4 цикл = 46 400 жыл

34 800 жыл Х 365 күн + 11 600 жыл Х 366 күн = 16 947 600 күн : 46 400 жыл = 365,25 күн

Осы амалдарға орай, бұған дейiнгi тарауда жан-жақты баяндалған 464 жылдық “Z” циклiн шартты түрде — “микро жоба” деп атауды, ал 46 400 жылды немесе оған сәйкес келетiн 16 947 600 күндi — “W” циклi немесе “макро жоба” деп атауды ұйғарып отырмыз.

46 400 жылдық “W” циклiнiң Күн жүйесiндегi планеталармен (ғаламшар) байланысымен бiрге, қазiргi адамзаттың 100-ден аса жылсанауын бiр ретке келтiру қабiлетi де ашылып отыр. Тропиктiк жылдың әрбiр 100 жыл сайын өз мөлшерiн 0,54 секундқа қысқартып отыратын бәрiмiзге белгiлi тәртiбiн негiзге ала отырып жасалған 46 400 жылдық “W” циклi, осындай үлкен уақыт аралығын б.з.д. және б.з. жылдарға 4 кезең бойынша бөлу арқылы төмендегiше тәртiппен реттей алады:

11 600 жылдық 1-кезең: б.з.д. 25 101 — б.з.д. 13 500 жж. арасын қамтиды және Юлий күнтiзбесi мен тропиктiк орташа жылға негiзделген күнтiзбе арасында — 78 күн айырмашылық пайда болады. Бұл уақыт кезеңi жуық түрде “Мұз дәуiрiне” тура келетiндiктен — “Қыс кезеңi” деп атадық;

11 600 жылдық 2-кезең: б.з.д. 13 501 — б.з.д. 1 900 жж. арасын қамтиды және Юлий күнтiзбесi мен тропиктiк орташа жылға негiзделген күнтiзбе арасында — 86 (164) күн айырмашылық пайда болады. Бұл уақыт кезеңi жуық түрде “Мұз еру дәуiрiне” тура келетiндiктен — “Көктем кезеңi” деп атадық;

11 600 жылдық 3-кезең: б.з.д. 1 901 — б.з. 9 699 жж. арасын қамтиды және Юлий күнтiзбесi мен тропиктiк орташа жылға негiзделген күнтiзбе арасында — 93 (257) күн айырмашылық пайда болады. Бұл уақыт кезеңi бүгiнгi күнге тура келетiндiктен — “Жаз кезеңi” деп атадық;

11 600 жылдық 4-кезең: б.з. 9 700 — б.з. 21 299 жж. арасын қамтиды және Юлий күнтiзбесi мен тропиктiк орташа жылға негiзделген күнтiзбе арасында — 103-108 (360-365) күн айырмашылық пайда болады. Болашақта болатын бұл уақыт кезеңiн — “Күз кезеңi” деп атадық!

МАҚАЛАНЫҢ ТҮЙIНI:

Осы мақалада баяндалған күнтiзбе циклдерiнiң математикалық теориялары, егер түрлi деңгейдегi өркениет өкiлдерi мүдделiлiк танытса, оны кез келген кезде iс жүзiне асыруға болатындай етiлiп жасалып отыр. 46 400 жылдық “W” циклiн келтiрiлiп отырған тәртiппен 100 жылдық тұтас ғасырларға үздiксiз бөлу арқылы, оны түрлiше ғылым (астрономия, тарих, ғарышты игеру және т.б.) салаларында қолдануды шамамыз келгенше жеңiлдеттiк. Егер ғылыми болжауларға сүйенсек, алдағы 50-100 жыл iшiнде адамзат баласы тек телескоппен ғана көрiнетiн Күн жүйесiнiң планеталарына барып келетiн, тiптi тұрақты түрде қоныстана бастайтын технологияларға қол жеткiзедi екен. Демек, Күн жүйесiнiң БIРЫҢҒАЙ УАҚЫТЫН есептейтiн ортақ күнтiзбеге деген мұқтаждық күндердiң-күнiнде пайда болатыны сөзсiз. 46 400 жылдық “W” циклi — көрiп отырғанымыздай осы қажеттiлiктi толық өтей алады. Ол үшiн барлық алғышарттар жасалып қойылды.

Сонымен бiрге бұл ғаламат циклдiң мүмкiншiлiктерi осы мақалада баяндалған теңдеу жүйелерiмен шектелiп қалмайтынына сенiмдiмiз. Оның шын мәнiндегi маңызының ашылуы, уақыт өте келе ғылымның жаңа салаларының пайда болуымен бiрге мүлде басқа қырынан көрiнуi де ғажап емес…

Қалдархан ҚАМБАР

Серіктес жаңалықтары