Ерейментауда 7 адам уланды

/
Ерейментауда 7 адам уланды
istockphoto.com

Ақмола облысының Ерейментау ауданында жаппай улану оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне бірдей белгілермен жеті адамның түскенінен кейін белгілі болды. Алдын ала тексеріс нәтижесі бойынша олардың жағдайының нашарлауына тағамнан улану себеп болуы мүмкін.

«Ерейментау ауданының учаскелік полиция инспекторы оқиға туралы тиісті қызметтерге дереу хабарлады. Тергеу барысында зардап шеккендердің барлығы бір шараға қатысқаны анықталды. Аталған факті бойынша “Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдары улану көзін және кінәлі тұлғаларды анықтап жатыр», – деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, жыл басынан бері ауданда санитарлық нормалардың бұзылуына байланысты осындай екі оқиға тіркелген. Мұндай жағдайлар саны көп болмаса да, оның салдары адамдардың өмірі мен денсаулығына өте қауіпті болуы мүмкін.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары