БIЗ СYТТI ДЕ ШЕТТЕН АЛАМЫЗ
БIЗ СYТТI ДЕ ШЕТТЕН АЛАМЫЗ
Көптеген елдiң түсiнiгiнде Қазақстан Аграрлық мемлекет болып есептелiнедi. Бiрақ, соған қарамастан ауылшаруашылығы өнiмдерiнiң бiразын сырттан аламыз. Қазақстанның небәрi 16 миллион халқының 43%-ы ауылда тұрады. Адам басына шаққанда бидайды өндiру жағынан әлемде бiрiншi орынды иеленемiз.
Қауiпсiздiк кеңесiнде отандық өнiмдi, соның iшiнде ауылшаруашылығы өнiмiн қорғау мәселесi бiрiншi орынға бекер шығарылып отырған жоқ. Өйткенi, бiздегi базарлар мен дүкен сөрелерiнде көбiне шетелдiк өнiмдер тұрады. Отандық өнiмдер бар болғанымен, саусақпен санарлық. Бүгiнгiдей дағдарыс кезiнде отандық өндiрiстi қолдау, сол арқылы ауылшаруашылығы өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру басты мақсат болып отыр. Қауiпсiздiк кеңесте бас баяндаманы жасаған Ауыл шаруашылығы министрi Ақылбек Күрiшбаевтың берген мәлiметтерiне қарағанда, бидай, күрiш, бақша өнiмдерi, картофель, ет, сүт және жұмыртқа өнiмдерi елдегi сұранысқа жауап бере алатын деңгейде көрiнедi. Алайда, май, жемiс-жидек, көкөнiстер, қызылша т.б. өнiмдер сұранысқа сай емес көрiнедi. Қазiр шетелден әкелiнетiн импорттардың үлес салмағы — 67% құс етi, 40% сүт тағамдары, 29% ет және 43% жемiс-көкөнiс өнiмдерi болып бөлiнедi. Сол себептi де үкiмет шетелден әкелiнетiн негiзгi ауылшаруашылығы өнiмдерiне салынатын баж салығын көбейтiп, техникалық регламент енгiзудi жоспарлап отыр. Сөйтiп, iшкi рынокты импорттан қорғау көзделген.
“Елдiң Iшкi жалпы өнiмiндегi ауылшаруашылығы өнiмiнiң үлес салмағы, өкiнiшке қарай, өсудiң орнына құлдырап барады, бұл бәлкiм IЖӨ-нiң жалпы көлемiнiң өсуiне байланысты болар” дедi Қазақстан Президентi.
Бұл шара алдағы он жыл бойына жүргiзiлетiн болады.
Ауылды қолдау мақсатында 2003 жылдан берi 500 миллиард теңге бөлiнген екен. Биыл Ауылшаруашылығы министрлiгiне 165 миллиард теңге бөлiнген, соның 97-сi ауыл шаруашылығы проблемасын шешуге арналған. Ендiгi бiр мәселе — осы қаржының құмға сiңген судай жоғалып жатқаны. Ауылдың шын бет-бейнесi бүгiнгi билiктiң ақпарындағыдай емес. Ауылға бөлiнген қаржының көбi — iрi-iрi кәсiпорындар мен корпорациялардың қоржынына түседi. Ал шағын кәсiп иелерi мен шаруа қожалықтары диқан мен малшыға бөлiнген жеңiлдетiлген несие, арзан жанар-жағармай, т.б. да жеңiлдiктерге қол жеткiзе алмайды. Бүгiнде ауылдан қалаға ағылған тұрғынның санында есеп жоқ. Урбанизация жаңа проблема тудырып, қалада үйсiз-күйсiздер мен жұмыссыздардың санын көбейткенi болмаса, оңды ықпал етiп отырған жоқ.
Есенгүл Кәпқызы