Алматыда аялдамада зейнеткер әйелді соққыға жыққан күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция мәліметінше, сот санкциясымен 26 жастағы ер адам қамауға алынған.
«Тергеу қамауға алу туралы өтініш білдірді — прокуратура мен сот оны қолдады», – деп хабарлады ведомство.
Еске салайық, 23 сәуір күні әлеуметтік желілерде жас жігіттің аялдамада тұрған қарт әйелге жақындап, оны жұдырықпен қатты ұрып-соғып, әйел жерге құлағаннан кейін басынан тепкені түсірілген бейнежазба тараған болатын.
Зардап шеккен әйелдің қызы әлеуметтік желіде бұл жігіттің анасына еш себепсіз шабуыл жасағанын жазды.