«Таулы жаққа күштеп алып кеткен»: Талғарда ақша бопсалайтындар ұсталды

/
«Таулы жаққа күштеп алып кеткен»: Талғарда ақша бопсалайтындар ұсталды
Алматы облысы ДП

Алматы облысында бопсалау және қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Алдын ала деректер бойынша, 16–17 сәуірге қараған түні Талғар ауданында күдіктілер алдын ала жоспарланған схема бойынша 28 жастағы ер адамды адамдар аз жүретін жерге алдап шақырған. Кейін олар пышақпен қорқытып, күш қолдану арқылы жәбірленушіге дене жарақатын келтіріп, оны таулы аймаққа күштеп алып кеткен, – деді Алматы облысы ПД бастығы Мейрам Әбікеев.

Қаскөйлер жәбірленушіні құқық қорғау органдарына оның тарапынан заңсыз әрекеттер жасалды деген жалған ақпарат таратамыз деп қорқытып, 10 миллион теңге талап еткен. Сондай-ақ құны шамамен 17 миллион теңге болатын автокөлігін кепіл ретінде алып қойған.

– Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, сондай-ақ ұсталғандардың өзге де осы тектес қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, – деп толықтырды облыстық ПД бастығы, полиция полковнигі Мейрам Әбікеев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары