«Соттастым да, боқтастым да»: Ләйлә Сұлтанқызы блогерлер туралы жазба жариялады

/
«Соттастым да, боқтастым да»: Ләйлә Сұлтанқызы блогерлер туралы жазба жариялады
жеке парақшасынан

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы блогерлердің шынайылығы төңірегіндегі пікірталасқа ойын білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол 30 жылдық кәсіби жолында түрлі жағдайды бастан өткергенін айтты.

«Назым Жангазинова блогерлерге қатысты жазбасында шынайылық туралы жазып отыр. Өзекті. 30 жылдық тәжірибемде түрлі жағдайлар болды ғой. Соттастым да, боқтастым да, еркеледім де, қателестім де, турасын да айттым. Есегің судан өткеншенің бәрін көрдік. Баяғыда ар-ожданымды  қорғаймын деп басымды біраз қатерге тігіп, жалғыз қалып кеткенім де бар.

Сотталып жатқандардың достарына бірдеңе деудің өзі бос әурешілік деп ойлаймын.

Шынымен де ақыры түбінде офлайн өмірде сыйласатындар қолдады», - деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары