ЖЕҢIЛДЕТIЛГЕН ЗАҢ КҮШIНЕ ЕНДI

ЖЕҢIЛДЕТIЛГЕН ЗАҢ КҮШIНЕ ЕНДI

ЖЕҢIЛДЕТIЛГЕН ЗАҢ КҮШIНЕ ЕНДI
ашық дереккөзі
222

Қазақстан Республикасы мемлекет басшысының жеке кәсiпкерлердi қолдау және оларға бiрегей көмек көрсету жолында және әкiмгершiлiк кедергiлерге жол бермеу үшiн соңғы жылдары қолданылып жүрген заңдарға түрлi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi.

Солардың бiрi – “Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есепке тiркеу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы” 2008 жылдың 4 шiлдедегi Заңды iске асыру мақсатында 16 қыркүйек 2008 жылы ҚР Үкiметiнiң “Кiшi, орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғалардың типтiк жарғыларын бекiту туралы” қабылданған қаулысы болып табылады.

Заңдағы жаңа өзгерiс типтiк жарғылар мен жұмыс iстейтiн кәсiпкерлерге жарғысыз өтiнiш негiзiнде субъектiлерi үшiн ғана заңнамалық тәртiпте қарастырылған болатын. Осыған байланысты, типтiк жарғы негiзiнде өз қызметiн жүзеге асырушы орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркеу мерiзiмiнде 3 жұмыс күнiне дейiн қысқартылып отыр.

Мемлекеттiк органдардың мұндай шаруашылық қызмет етушi субъектiлердiң нотариалдық, куәландырылған жарғыларын ұсыну туралы талабы заңсыз болап табылады және кәсiпкерлер құқығын бұзады.

Типтiк жарғылармен заңды тұлғаларды тiркеуге мемлекеттiк тiркеу органдарына – белгiленген үлгiдегi толтырылған және нотариалды куәландырған өтiнiш 3 данада, тiркеуге төленетiн белгiленген мөлшердегi төлемақы және заңды тұлғаның мекен-жайын растайтын құжаттар қоса жолданады.

2007 жылдың 13 тамызынан бастап республикадағы әдiлет органдары ““

Идентификациялық номерлер ұлттық, реcстерi туралы”, “Идентификациялық номерлер ұлттық реестерi мәселелерi бойынша ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы” Заңдарды және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң “Идентификациялық номерлер ұлттық реестерлерiн құру, жүргiзу және пайдалану Ережелерiн бекiтуi туралы” 2007 жылдың 27 сәуiрiндегi №2343 Қаулысын орындау мақсатында барлық заңды тұлғаларға, филиалдарға және өкiлдiктерге бизнес идентификациялық нөмiрлер берудi қолға алды.

Жеке және заңды тұлғалармен (филиалдар мен өкiлдiктермен), сондай-ақ, жеке кәсiпкерлермен идентификациялық нөмiрдi жасау үшiн жүгiну және заңды тұлғаны, филиал және өкiлдiктi мемлекеттiк (есептiк) тiркеу немесе қайта тiркеу туралы бұрын берiлген куәлiктi қайта ресiмдеу ережелерiне сәйкес, уәкiлеттi органға келесi құжаттар ұсынылады:

1) Белгiленген формадағы өтiнiш;

2) Заңды тұлғаның (жарғы, құрылтай шарты), филиалдың, өкiлдiктiң (ережесi) құрылтай құжаттарының түпнұсқасы;

3) Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкiлдiктердiң мемлекеттiк (есептiк) тiркелуi немесе қайта тiркелуi туралы куәлiктiң түпнұсқасы;

4) Салық төлеушi куәлiгiнiң және статистикалық карточканың көшiрмелерi.

Жеңiлдетiлген жаңа Заң қолданысқа енгеннен берi жеке және заңды тұлғалардың, олардың өкiлдiктерiмен филиалдарының мемлекеттiк тiркеуден өтуiн тездетiп, сапасын арттыруға ықпал етпек.

Жаңагүл ДӘУЛЕТОВА

Серіктес жаңалықтары