АЙРАН IШКЕН ҚҰТЫЛЫП... НЕМЕСЕ ЕСКI СЦЕНАРИЙ ЖАҢАЛАУДЫ ТАЛАП ЕТЕДI

АЙРАН IШКЕН ҚҰТЫЛЫП... НЕМЕСЕ ЕСКI СЦЕНАРИЙ ЖАҢАЛАУДЫ ТАЛАП ЕТЕДI

АЙРАН IШКЕН ҚҰТЫЛЫП... НЕМЕСЕ ЕСКI СЦЕНАРИЙ ЖАҢАЛАУДЫ ТАЛАП ЕТЕДI
ашық дереккөзі
252

Жарылып кетсек те ақиқатын айтайықшы тендерге, субсидияға, тағысын-тағыларға деп Үкiметтен бөлiнетiн миллиондаған теңгелердi майшелпек көретiн мемлекеттiк қызметкерлер бүгiнде артпаса, кемiмей тұр. Тiптi, қолдарына кiсен салынып, темiр тордың ар жағынан тоғытылып жатқандарда қазына қаржысына көзiн сүзушiлердi ойландырар емес.

Қайта керiсiнше, кейбiр үлкендi-кiшi шенеунiктер гүлге құмартқан ара секiлдi сол төңiректе торуылдаумен әлек. Жуырда прокуратура қызметкерлерi облысымыздың ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау мақсатына деп бөлiнген 125 миллион теңгенiң заңсыз жұмсалғанын анықтады. Солардың бiр-екеуiне тоқтала кетсек. Мәселен Сарыағаш ауданындағы “АльБарака” ЖШС-нiң (төрағасы Н.Кенегесов) 1640 гектар жерге мақсары еккендiгi және өнiм алғандығы туралы актiге ведомствоаралық комиссия қол қояды. Бiрақ тексеру барысында өнiм алмақ түгiлi аталмыш көлемдегi алқапқа егiс егiлмегенi анықталады. Осылайша “Аль-Барака” ЖШС-iне 7 872 500 теңге субсидия заңсыз бөлiнген. Сондай-ақ, Ордабасы ауданындағы “Мәдi ата” шаруа қожалығы да (төрағасы Б.Мәди) 16,5 гектар жерiндегi бау-бақшасын дамытуға және көкөнiс пен жоңышқа егемiн деп 48 434 теңге алған. Бiрақ тексеру кезiнде құжатта көрсетiлген бiрде-бiр жұмыс атқарылмаған. Мұндай заң бұзушылықтар Түлкiбас, Отырар аудандары мен Түркiстан қаласында да орын алған. Әрине ақшаны заңсыз иеленген серiктестiктер мен шаруа қожалықтарының төрағалары үстiнен қылмыстық iс қозғалып, олар тиесiлi жазасын алды. Сонымен қоса қаржыны қазынаға қайтаруға да әрекет жасалынуда. Бұдан өзге заңсыздықтарға орын берген аудан әкiмдерiнiң орынбасарлары, ауылшаруашылығы бөлiмдерiнiң басшылары мен тиiстi мамандар түгелдей қызметтерiнен қош айтысты.

Үкiметтен бөлiнген қаржыны талан-таражға салған шенеунiктiң жазалануы бүгiнде жаңалық болып па, деуiңiз мүмкiн. Алайда бiздiң айтпағымыз басқа. Бәрi ескi сценарий бойынша өрбiдi. Олай дейтiнiмiз, “құрбандыққа” әдеттегiдей орта және кiшi шенеунiктер “шалынды”. Ал “шортандар”… Айталық осындай заң бұзушылықтарға жол бергенi үшiн облыстық ауыл шаруашылығының бастығы — Қалыбек Алдабергеновке, Сарыағаш ауданының әкiмi — Ұласбек Сәдiбековке, Түркiстан қаласының әкiмi — Бейбiт Сыздықовқа, Ордабасы ауданының әкiмi — Сәкен Қаныбековке, Отырар ауданының әкiмi — Әлiмжан Құртаевқа және Түлкiбас ауданының әкiмi — Ерғали Сармановқа тәртiптiк шара ретiнде “сөгiс” жарияланды. Бәрi бәз баяғыша ескi сценарий деп отырғанымыз, мiне сондықтан. Ең қызығы бiрнеше жылдар бойы облысымыздың ауыл шаруашылығы саласын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған облыс әкiмiнiң бұрынғы бiрiншi орынбасары Ислам Әбiшев Өскемен қаласының әкiмi болды. Бұл әрине қолға түскендер мен торға түскендер тағдырымен слаыстырғанда Исекеңдi Өскенменге өсiп кеттi деуге толық негiз бередi.

Ербол ЕРМЕНТАЕВ,

Оңтүстiк Қазақстан облысы

Серіктес жаңалықтары