Әлеуметтік желіде жапондық қызға сырға салып, құда болып жатқан қазақстандықтардың суреттері қызу талқыланды, деп хабарлады turkystan.kz.
Суретті жариялаған автордың жазуынша, күйеу жігіттің есімі – Диас, ал қалыңдықтың аты – Рино.
«Жапондықтармен құда болдық. Ұзату туысқандар үшін онлайн өтті. Алдымен сырға сал рәсімін жасадық. Үйлену той Көкшетау қаласында болады. Келініміз – дәрігер. Ол қазір қазақ тілін үйреніп жүр», – деп жазды күйеу жігіттің апасы.
Желі қолданушылары екі жасқа бақып тілеп, қолады.
«Құдалық мың жылдық болсын, жастар бақытты болсын», «Жапонияға құдаларымыз бар деп бара беретін болдық қой», «Сақтың ұлына Самурайдың қызы келген ғой. Тойдан қалып кетпейік», «Екі жас бақытты болсын. Көтереген шаңырақтары биік, босағалары берік болсын», «Әдемі жұп», «Жапон қыздары тәрбиелі», «Кинодағыдай қыз екен», - деп жазды олар.