Атырау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

/
Атырау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
видеодан скриншот

Атырау облысының Құрманғазы ауданында, 8-ші және 9-шы разъездердің арасындағы жол учаскесінде ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құрманғазы ауылынан шамамен 45 шақырым қашықтықта Toyota Ipsum және EXEED TXL автокөліктері бетпе-бет соқтығысты.

Апат салдарынан төрт адам қаза тапты. Қазір қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары