11 шілдеде Жамбыл облысының «Қарасу» автокөлік өткізу пунктінде шекарашылар темекінің ірі партиясын тасымалдау әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
466 мың қорап темекіні Қазақстанға ілеспе құжаттарсыз, тасымалданатын жүкпен бірге жасырып әкелуге әрекеттенген.
Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген тауардың құны 233 млн теңгеден асады.
Ұсталған жүк әрі қарай қарау үшін тиісті органға берілді.