АНАЛЫҚ АҚ ТIЛЕК

АНАЛЫҚ АҚ ТIЛЕК

АНАЛЫҚ АҚ ТIЛЕК
ашық дереккөзі
686

Аса қамқор, ерекше мейiрiмдi Аллаһтың атымен бастаймын

Қазақстан Мұсылмандар басқармасының төрағасы, бас мүфти Әбсаттар қажы Дербiсәлiге және Қазақстан қажылары қауымдастығының төрағасы Еркiнбай қажы Дуанаевқа Ақтөбе облысы, Мұғалжар шаһары Батыс Қазақстанның мұнайлы шұрайлы өлкесiнiң Қандыағаш қаласындағы Нұртай мешiтiнiң қызметкерi алғыс айтады. Халқымыздың көпшiлiгi мұсылман дiнiнде, олар қазiргi ел арасында атқарылып жатқан iс шараларға сәйкес әлеуметтiк тұрақтылықты қолдап, дiни конференцияларда бiрлесiп имандылықпен елдiң бiрлiгiне бағытталған жұмыстарын жалғастырып аянбай неше бiр жылдан берi еңбектенуде. Мұғалжар өңiрiнде 7 мешiтiмiз бар. Қандай жағдай болса да жергiлiктi атқарушы басшылармен бiрлесе отырып ауыз бiршiлiктi, тұрақтылықты нығайтып, халыққа аянбай қызмет етуге көрнектi түрде жұмылудамыз. Оның iшiнде қай салада да қызмет атқарушы басшыларымыз Мешiт айналасына көңiл бөлiп, жанашырлықпен Алла жолына қызмет атқарудан жалықпайды. Мұны үлкен азаматтық борышпен атқарған басшыларға мың да бiр алғысымды айтамын. Ұзақ жылдан берi осы мешiтте қызмет атқарудамын. Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданында әрбiр дiни мерекелерде үлкен садақалар берiлiп, аудан әкiмiнен бастап ауданның атақты қызметкерлерiнiң демеушiлiгiмен өткiзiлiп тұрады. Ендi мiне, бiздiң жастарымыздың ниетi өте жақсы, мешiтiмiзде жұма күнi жастар көп келiп, орын да жетiспей жатады, бұл – мақтаныш. Ислам дiнi көркеюде, ұзағынан болғай. Ендiгi бiздiң тамаша жаңалығымызды естiген мұсылман қауымы қуанышты деп сенемiн. Елiмiз егемендiк алып, тiлi мен дiнi, халқы үшiн қызмет етiп жүрген аянбай тер төккен Елбасымыздың арқасында Қазақстан қажылар қауымдастығы құрылып отыр. Елiмiзде дiн жолында еңбек етiп жүрген қаншама қажыларымыз бен азаматтарымыз бар. Көтерiп айтып мақтануға болады. Осы Алла жолына аянбай қызмет атқаруда үгiт-насихат жастарға деген еңбегiн аямай қажылар еңбек етудi ұйғарып жатыр. Бұл идея бiздiң дiн басымыз хазрет Әбсаттар Қажы Дербiсәлiнiң басқаруымен ұйымдастырылды. Қазақстан қажылар қауымдастығының төрағасына Еркiнбай қажы Дуанаевты тағайындады. Мұндағы негiзгi талап — жастарға тәрбие беру, ислам дiнiне баулу, Алланы түсiну, бала тәрбиесi, қажылардың жақсы жолдарының дүниенiң iсi деп — ақыреттi, ал ақырет деп — тiршiлiк қамын ұмытпай басқаларды да қиыншылықта қалдырмай көмек етуге шақыру. Қазiргi жағдайда жасына қарамай төрағаларды тағайындап, Алла жолына қызмет ету басталды. Мұсылманға Алланың берген қасиетiнiң жақсысы – ибалы болу, Алла Тағала ниеттiң тазалығын ғана талап етедi. Осындай iстердi атқару үшiн имандылық жолда жүрген барлық қажыларымыз атсалысып, ұстаз ретiнде жастарға тәрбие беру мәселесiн аянбай қызмет атқаруға бел буып отыр. Қазақстан қажылары қауымдастығының аналар төрайымы Майра қажы Илиясова сайланды Ақылшысы, орынбасарлары, облыс — облыстан төрағалар сайланды. Қаншама жұлдыздарымыз қатысты, демеушiлер Алла жолына аянбай қызмет көрсетуде. Бiрнеше төрағалардың қатысуымен атқарылып жолға қоюда. Қажылыққа бiрнеше рет барған төмендегi жұлдыздарымыз өз өнерi мен көмегiн аямады: Ақжол қажы Мейiрбек, Майра қажы Ильясова, Хасанғалиев Ескендiр баласы Бiржанмен. Демеушiлердiң арқасында әр мешiттерде садақа берiлiп жатыр. Хамза мешiтiнде және Әмина апайдың балалар үйiнде, балалар арасында Әминаның тiршiлiгiне таң қалып, 42 бала тәрбиеленуде. Хамза Қажы мешiтiнде Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданынан кәсiпкер Гүлбану атты қызымыз ас бердi және сыйлығын тарту еттi — тегiн. Алматы қаласы “Санжақ” Халал мейрамханасында Мейрамгүл атты кәсiпкер қызымыз ас бердi. Қажылар тобы, басшылар, жұлдыздар тобы аянбай қызмет атқарды. Мiне, “Отанды сүю-иманнан” атты рухани патриоттық кештi осындай iстермен бастадық. Сәт сапар тiлеймiн, қадамдарыңызға Алланың ақ нұры жауып, кәсiптерiңiз оң болғай. Жұлдыздарыңыз жарқырап, еңбектерiңiз жана берсiн. Бiр Алла көмек бергей. “Жақсылыққа бастаушы мен соны жалғастырушының сауабы бiрдей”. Тiлi мен дiнiн түзеген адамға Алланың Рахымы жаусын! Әмин!  
Сейткамалова Мария қажы, Нұртай мешiтiнiң қызметкерi
 

Серіктес жаңалықтары