ОҢТҮСТIК ЫНТЫМАҚ-БIРЛIКТIҢ ҰЙЫТҚЫСЫ БОЛДЫ

ОҢТҮСТIК ЫНТЫМАҚ-БIРЛIКТIҢ ҰЙЫТҚЫСЫ БОЛДЫ

ОҢТҮСТIК ЫНТЫМАҚ-БIРЛIКТIҢ ҰЙЫТҚЫСЫ БОЛДЫ
ашық дереккөзі
654

Оңтүстiк Қазақстан облысында Ұлыстың Ұлы күнi ата-бабаларымыздың арманы болған келер ұрпаққа ынтымақ пен бiрлiктi уағыздау iс-шарасы өттi. Соңғы кезде Оңтүстiк өлкесiнде ел бiрлiгi жайында нақты жұмыстар атқарылуда.

Ұлы Наурыз мейрамы – ежелгi заманнан қалыптасқан Шығыс халқының жыл бастау мейрамы. Наурыз – тiршiлiктiң жаңаруы. Наурыз – күн мен түннiң теңесуi. Наурыз – мейiрмандықпен молшылықтың, махаббат пен достықтың, кешiрiмшiлiк пен бейбiтшiлiктiң салтанат құруы, Шығыс халқында бұл мейрам мұсылмандықты қабылдамастан бұрын пайда болған делiнедi. Түркiлердiң ұлттық мейрамы, әлемнiң түкпiр-түкпiрiнде тойланып жатыр. Бүгiнгi жиынның бүкiл түркi халқының рухани астанасы саналатын киелi Түркiстанда өтуiнiң өзiндiк мәнi бар.

Ұлыстың Ұлы күнi – 22 наурызда Түркiстан қаласында облыстағы ел бiрлiгi мен ұлтаралық ынтымақты, қоғамдық және конфессияаралық келiсiмдi нығайту жолында аға ұрпақ өкiлдерiн топтастыру әрi кейiнгi ұрпаққа тәрбие беру мақсатында ел ағаларының қатысуымен “Ырыс алды – ынтымақ” басқосу жиыны өткiзiлдi.

“Ынтымақ” деген сөз Наурыз күнi қазақ ұлтының ұлы ынтымақтастықтың мұрагерi екенiн еске салады. Сондықтан да, Наурыз – бiздiң бiрлiгiмiз бен ынтымағымыздың, берекемiз бен ырыс құтымыздың мерекесi. Iзгi ықыластық, ынтымақтастық бүгiнде қазақ ұлтына жаңа сапалық бейне, бiрлiк пен татулықты меңзейтiн мiнез берiп отыр. Сол мiнездiң астарында көпұлтты халықтың ортақ келiсiмi, ауызбiршiлiгi, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы, кеңдiк пен кеменгерлiк, сабырлық пен iскерлiк, ел бiрлiгi болып отыр.

Жиынды жазушы, журналист, халықаралық “Алаш” сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi М.Байғұт ашып, жүргiзiп отырды.

Басқосуда Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi А.Мырзахметов “Наурыз – береке бiрлiктiң бастауы” тақырыбында баяндама жасап, елдi бiрлiкке шақыруда Наурыз мерекесiнiң тарихтан келе жатқан мән-маңызына тоқталып, Елбасымыз Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының, мемлекетiмiздiң өркендеуi мен өркениетiнiң алтын дiңгегiне айналған ең басты байлығымыз – қоғамдық тұрақтылық, ынтымақ пен бiрлiк туралы баяндады. Ел ағаларын Елбасының “Дағдарыстан жаңару мен дамуға” Жолдауына айтылған ынтымақты нығайту жолында бiрлесiп жұмыс жасауға шақырды. Кейiнгi ұрпаққа тәрбие берудегi аға буынның, ел ағаларының рөлiнiң ерекшелiгiн атап көрсеттi.

Сондай-ақ, жиын барысында Отырар ауданының бас имамы Қ.Жұмабаев, Кентау қалалық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Ә.Сәмбеков, Қ.А.Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрiк университетi клиникасының директоры, медицина ғылымының докторы, профессор И.Байдәулетов, Сайрам аудандық ардагерлер кеңесiнiң мүшесi, дербес зейнеткер С.Салахиддинов, Түркiстан қалалық “Парасат” қорының директоры, еңбек ардагерi М.Хандiллаев, Төле би аудандық билер алқасының мүшесi, Кемеқалған ауылдық округiнiң төбе биi А.Әлiмқұлов және тағы басқа азаматтар сөзге шығып, мемлекеттiң тұрақты дамуы үшiн ел ынтымағының маңыздылығын атап өтiп, жастарға дұрыс тәрбие берумен тағы басқа да өзектi мәселелердi қозғады.

Жиынға облыстағы барлық аудан (қала) әкiмдерi, барлық деңгейдегi мәслихат хатшылары, облыстық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесiнiң төрағалары, дәстүрлi дiн, зиялы қауым мен әр ұлттың беделдi өкiлдерi, ауыл билерi, абыройлы азаматтары қатысты.

Басқосу соңында ел ағалары облыстағы ел бiрлiгi мен ұлтаралық ынтымақты, қоғамдық және конфессияаралық келiсiмдi нығайту, кейiнгi ұрпаққа тәрбие беру жолында бiр мақсатқа топтасуға пәтуаласып, уағдаласты.

Сондай-ақ, ел бiрлiгiн ойлаған батагөй ағаларының бұқара халыққа арнаған Үндеуi қабылданды. Сонымен қатар, қасиеттi Түркiстан топырағында күллi мұсылман қауымына ортақ ұлы баба Қожа Ахмет Иассауи кесенесiнiң қасында игiлiктi iстi бастар алдын, бабалар әруағына тағзым етiлiп, құран бағышталып, қарт қариялардың батасы берiлдi.

Осы iс-шараны өткiзуге Түркiстан қаласының әкiмшiлiгi және қала әкiмi Б.Сыздықов ерекше еңбек сiңiрдi.

Балтабек ТYЙЕТАЕВ

Серіктес жаңалықтары