ҚАРТТАРДЫҢ «ҚҰМАРЛЫҒЫН» ҚАЛАЙ ТYСIНЕМIЗ?

ҚАРТТАРДЫҢ «ҚҰМАРЛЫҒЫН» ҚАЛАЙ ТYСIНЕМIЗ?

ҚАРТТАРДЫҢ «ҚҰМАРЛЫҒЫН» ҚАЛАЙ ТYСIНЕМIЗ?
ашық дереккөзі
293

Ең бастысы кiшкентай бала кездегi жастарға адамгершiлiк пен мейiрiмдiлiктiң ғажайып үлгiлерiн көрсететiн едi ғой. Менiңше адам егде тартқан сайын мейiрiмi арта түспек, сол себептi адамның қартайған шағын кемшiлiк емес, кеңшiлiк деп түсiнемiн. Алайда бiздер (қазiргi қарияларды айтамын) сан ғасырлар бойы бiр сәтке де үзiлмей келе жатқан осындай ата-баба дәстүрiн жалғастыра алдық па? Қазақтың ұлттық әдет-ғұрыптары, салт-сананы, жалпы ата-баба дәстүрiн жалғастыра алдық па? Өз ұрпақтарымызға үйрете бiлiмез бе? Кейбiр қариялар бұл сауалдарға нақты жауап берудiң орнына, түрлi себеп-сылтаулар айтып ақтала бастайды. Бұл кiнәнi басқаларға артқысы келедi.

Кейiнгi ата-дәстүрiмiзбен бүгiнгi заман талаптарын өзара үйлестiре отырып, жас ұрпақты тәрбиелеу iсiн қасиеттi қарттарымыз тындыра алатын сияқты болып тұрады. Қазiргi балабақша, мектептер, жоғарғы оқу орындары тәлiм-тәрбиенi, адамгершiлiктi, мейiрiмдiлiктi, инабаттылықты кiтаптан емес өмiрдiң өзiнен үйренген қариялардың көмегiне зәру болып отыр. Бұдан жиырма жетi ғасыр бұрын ғұмыр кешкен бабаларымыз өрлiкке, кеңдiкке қалай тәрбиеленгенi көне тарихтан жақсы мәлiм ғой. “Қырық жыл қырғын болса да” арғы аталарымыз елiн сүйетiн, жерiн сүйетiн, ұлтын сүйетiн ұрпақты бiр сәтте естен шығарған емес. Қазақ қауымы қадiрлi қарияларын, ақсақалдарын қашан да ұстаз санаған, пiр тұтқан.

Қазақтың сан ғасырлық шежiресiн, шешендiк шеберлiгiн, әдет-ғұрпын, салт-санасын, қол өнерiн қарт қариялардан артық кiм бiледi? Мұндай мұраны қасиеттi қазынаны заман талаптарын сәйкестендiре отырып тиiмдi пайдаланудың нақты жолдары қандай болмақ? Ежелгi грек данышпаны Платон өзiнiң бiр сөзiнде “Егер қарттар өздерiнiң көрген-бiлгендерiн жастарға айтып отырмаса, онда қариялардың өздерi кiнәлi” деген емес пе? Қазақтың қадiрлi қариялары өздерiнiң жас ұрпақ алдындағы парасатты парызын тарихтың небiр аласапыран кезеңiнде де жадынан шығарған емес. Бұған ежелгi қисса-хикаяттарды, аңыз-әңгiмелердi, жыр-дастандарды оқи отырып көз жеткiзуге болады. Ендi тек қана ғасырлар бойы үздiксiз жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүрiмiздi үзiп алмасақ игi едi. Бiздер кiшкентай кезiмiзде қариялар жұртқа байсалды болып көрiнетiн. Ғасырға жуық өмiр сүрiп, қияметтiң қиын белестерiн сүрiнбей, мәреге абыроймен жеткен сиқырлы жандар тәрiздi көрiнетiн.

Бiз бiлетiн қариялар “құдайға шүкiр” қариялыққа аман жеттiк-ау деп отыратын едi ғой. Мұндай қарттар қолына су құйғанда “ғұмырың ұзақ болсын, мен сияқты қария бол” дейтiн едi ғой. Осындай киелi жандарға iштей тағзым еткiң келiп тұрады. Олар өткен шақ бұл шақтың жалғап тұрған алтын көпiрi дер едiм. Құдай өмiр берсе мен өiзмнен кейiнгi iнiлерiм, аға, балаларыма, әке, немерелерiме, ата, шөбере-шөпшектерiме баба болып, қария болып жүруден ешқашан жалықпас едiм. Басқаша айтқанда өмiрдiң барлық баспалдақтарынан басып өткiм келедi деп отыратын едi-ау.

Сөйтiп дұрыс қартая бiлу де үлкен өнер екен ғой. Басқаша айтқанда, дұрыс қартайғаныңыз жөн. Менiң ойымша адамдар негiзiнен екi түрлi болып қартаяды. Бiрi – жастау кезiнде сырт көзге сыр бермей жүрсе де қартая келе мейлiнше қатiгез, ызақор болып келедi, екiншiсi – егде тартқан шағында бұрынғысынан да мейiрiмдi, қайырымды, кеңпейiл, әдiл қарт болып шығады.

Дегенмен қазiргi елдiң маңдай тiреп, халыққа ақыл берiп, жөн сiлтеп отырған қарттарымыз қандай өнеге көрсетiп жүр десеңiзшi. “Үлкен түйе ойнақтаса, жұт болады” деген екен ертеректерi үлкендер. “Жұт” болмағаны қайда, қарттарымыз арақ iшiп, аузынан ақ ит кiрiп, көк ит шықса. Қазақта ешқашан карта ойнамаған, қазақ халқы үшiн жат “преферанс” ойынын берiле ойнағанына қалай түсiнер екенбiз?

Преферанс – Шығыс елiнен келген ойын көрiнедi. Өткен ғасырдағы дворяндардың преферанс ойындарындағы этикасын М.Шевмяковский, Ф.Полтавцев, Г.Кохлериус кiтаптарынан ғана бiлемiз. Бұндай ойын халық арасында көп тарамаған. Дегенмен құмар ойын. Бұл ойынға кiру үшiн қалтаңызда ақшаңыз болмаса ойынға кiргiзбейдi. Ал егер төлер кезде ақшаңыз жетпесе, әрiптесiңiз сөзiңiзге сенетiн көрiнедi. Бұл қарызды 24 сағаттан қалдырмай өтеу керек. Негiзiнде ұтылсаңыз ойын бiтiсiмен ескертпей-ақ төлеу керек екен. Егер ойнаған адам төлей алмаса, қалай болады сонда? Бала кезiмiзде әкем айтып отыратын едi, – преферанс ойнап, үйiн, әйелiн ойынға тiгiп, қаңғып қалды дегендi естушi едiк қой. Преферанс – қулардың ойыны емес, аристократтардың ойыны екен, аздап қана ақша тiгiп ойналады екен. Мына қиын заманда преферансқа ақша тiгiп ойнау үшiн де жағдай керек-ақ.

Бүгiн де халықтың жағдайы қиындап тұрған шақта, ауылдағы әрбiр жанұя атасының, әжесiнiң аз ғана зейнетақысымен, нан мен сумен күн көрiп отырған заманда қарттарымыздың не желiккенi?

Әрбiр ауылда немере, шөберелерiнiң мектепке баруға, аяғына киетiн аяқ киiмi жоқ, мектеп оқушыларын да көрiп отырмыз. Ауылдағы қарттардың мезiрлiк зейнетақысы қай “жыртықты жамауға” жетедi дейсiң. “Ұлықтардың басқан әрбiр iзiнде бiр медресе жатқандай” деп Абай атамыз қалай керемет айтқан десеңiзшi. Өткен заманда қара қылды қақ жарған,турашылдығымен де қара суға қаймақ тұрғызған, шешендер мен көсемдер Алашты аузына қаратқан данағойларымыз бен ұлықтарымыз аз болмаған ғой. Кейiнгi ұрпақ соларға қарап бой түзеген, сол кiсiлерге қалай да ұқсап-баққан.

Дегенмен, Қызылорда облыстық ардагерлер Советiнiң ұйымдастыруымен ардагерлер арасында преферанстан бiрiншi облыстық турнир өттi. Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Сейiлбек Шаухаманов өз сөзiнде: “Бiз, адагерлер барлық аудандарда преферанс ойынын ұйымдастырып өткiздiк. Ең үзлдiк деген ардагерлердiң әр ауданнан 5-6 адам қатысып отыр. Бұл ойынды Абай атамыз да ойнаған, бұл ойыннан әдептiлiктi, тазалықты, есептi үйренемiз. Бiз, қарт ардагерлер өз жолымызбен жүруiмiз керек. Құс та, балық та өз жолымен жүредi ғой. Сондай жолмен жүру керек. Преферанс ойынына қатысушыларға сәттiлiк тiлей отырып, осы қазақтың ұлттық ойынын әрi қарай жалғастырамыз”,- дедi. Ардагерлер кеңесiнiң төрағасының сөзiн жалғастырған Ернияз Омаров медицина саласының ардагерi, Мәди Кереев ардагер ағаларымыз, тiптi преферанстың Республикалық федерациясын құру керек дегендi айтты. Аталған ойын ақ сүйектердiң, аристократтардың көңiл көтеретiн, мазмұнды демалатын, өсек-аяңды, уайымды ұмыттыратын ойын. Сонымен преферансқа 60 жастан асқан еңбек, соғыс ардагерлерi қатысты. Преферанс картаның суретi салынған туды төрт қыз ортаға әкелiп, Әнұран ойналды. Ертеректегi карта ойнайтын ардагерлердi еске алып үнсiздiк жарияланды. Әр ауданнан келген талапкерлер, қаладан 20 адам iрiктелiптi. Сөйтiп барлығы 48 ойыншы 12 тақтаға отырып өзара күш сынасты. Екi күнге созылған тартыста бiрiншi орын – қызылордалық А.Дәрiбаев, екiншi орынға Аралдан келген Н.Оспанов, үшiншi орынға қызылордалық зейнеткер Н.Байқуатов ие болды. Жарысқа қатысқанның бәрi бағалы сыйлық алды. Аталған жарысқа қатысқандар 80 жастың сеңгiрiне шыққан. Сырдариялық еңбек ардагерi Мырзабек Оразаев пен құқық қорғау органдарының ардагерi Иманғали Сейiтовтерге де құрмет көрсетiлiп, иықтарына шапан жабылды. Жастар бiздiң болашағымыз, осы мiндеттi бiздiң алдымызға қойған Президент ұлт болашағын барынша қорғау керек екенiн үнемi еске салуда, әрине заман болғасын өзгередi, құндылық та бейiмделедi, өмiрде көргенi мол, ақылы даналыққа ұласқан, бар әулеттi айналасына, одан қалды ел болашағына арналған жас ұрпақты өзiнiң табиғи жалғасы сезiнетiн қарияларымыз емес пе едi? Қариялардың бұл құмарлығын қалай түсiнер екенбiз?…

Қарияларымыз осылай үлгi көрсетсе,болашақ жастарымыз олардан асып түсерi сөзсiз. Сiз не дейсiз құрметтi оқырман?!

Қуанышбек БОТАБЕКОВ

Серіктес жаңалықтары