FАЛАМТОРДАFЫ СҰМДЫҚ ПЕН ШЫНДЫҚ

FАЛАМТОРДАFЫ СҰМДЫҚ ПЕН ШЫНДЫҚ

FАЛАМТОРДАFЫ СҰМДЫҚ ПЕН ШЫНДЫҚ
ашық дереккөзі
332

Техника қарқындап дамып жатқан осы заманда «Интернет» атты шексiз, шетсiз әлем бiздi таңқалдырудан жалықпайды. Оның өмiрiмiздегi күнделiктi қажеттiлiкке айналып отырғаны да жасырын емес. Бүгiнде ғаламтор арқылы бiз сатып алу, сатуды iске асырамыз, тың дүниелерге үйренемiз, ойын ойнаймыз, сондай-ақ жаңа достар, тiптi қас жауларды да табуымыз әбден мүмкiн. Әлемдiк ғаламтор бiздiң өмiрiмiздiң бiр бөлшегiне айналды десек те болады. Алайда, бiз өз қолымызбен жасаған виртуалды әлемнiң керi тұстары да аз емес.

Қазiргi уақытта қоғам жаппай күресiп жатқан әлеуметтiк мәселелер ғаламтордан да орын тепкен. Мәселен, интернет әлемiнде заң бойынша қудаланатын криминалдық жанрдағы порнографияны да жиi кездестiремiз. Порнографияны интернетке шығаратын адам кейпiндегi айуандарға ең көп пайда әкелетiнi, әсiресе балалар порнографиясы. Ресейлiк сарапшылардың статистикалық көрсеткiштерiне жүгiнсек, бүгiнде ғаламторды 75% анайы түрдегi видеотүсiрiлiмдер жаулап алған екен. Сондай-ақ, сарапшылардың пiкiрiнше, соңғы жылдары балалар порнографиясы үдеп отыр. Тiптi, 3-5 жас аралығындағы кiшкентай бүлдiршiндердi, ол ол ма, жаңа туылған сәбилердi зорлау көрiнiстерi жиi ұшырасады екен.

Ал психологтардың пайымдауы бойынша, мұндай “бизнес” “кiшкентай әртiстерге” физикалық ғана емес, моральдық, басқа да зияндарды шектiредi. Көбiне кiшкентай балалардың порнографиялық көрiнiстерiн көрген психикасы зақымданған адамдар ауыр қылмыс жасауға жиi барады. Зерттеушiлердiң пiкiрiнше, порнография мен агрессия бiр-бiрiне жақын көрiнедi. Яки, жалаңаш бүлдiршiндердi көрген өресiз жандар өзiнiң iшкi фантазияларын да iске асыруы мүмкiн.

Бiр құптарлығы, елiмiздегi құқық қорғау органдары мұндай мәселемен батыл күресiп, қылмысты әшкерлеудiң барлық амал-айласын iздестiру үстiнде. Мәселен, 2007 жылдың наурызында құқық қорғау органдары балалар порнографиясын ғаламторға шығарып, арам “бизнесiн” дамытып жүрген хакердi әшкерлеген едi. Iздестiру барысында қазақстандық полиция қызметкерлерi қылмыскердi қылмыс жасау сәтiнде қақпанға түсiрген. Виртуалды кәсiпкердiң үйiнде кәнiгi жабдықталған фотостудия да бар көрiнедi. Аталмыш қылмыскер кiшкентай бөбектердi алдап-арбап,өз пәтерiндегi түсiрiлiмге қатысуға үгiттеу арқылы ауыр қылмысын iске асырады екен. Қылмысы үшiн хакер 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда, бұл мерзiм алдағы бiр-екi айда бiтедi, қылмыскердiң бостандыққа шыққан соң арам харекетiн ары қарай жалғастырмайтынына кiм кепiл?

Ақпараттық кеңiстiктегi қылмыстарды әшкерелеумен айналыстан “К” басқармасының қызметкерлерiнiң айтуы бойынша, жоғарыда аталған қылмыс – тек теңiзге құйған тамшы ғана. Жыл өткен сайын қылмыскерлердiң алаяқтығы артып барады, бiрақ оларды қудалау қиындық тудырып отыр. Ең сорақысы, қылмыстарын мойындап, темiр тордың ар жағына қамалғанға дейiн олар өз “өнiмдерiн” ғаламторға кең жариялап үлгеретiндiгi. Тағы бiр жанды қинайтыны, ғаламтордан орын тепкен балалар порнографиясына қарсы ешқандай шара қолданылмайды және “Заңы әлсiздiң – зары көп” демекшi, заңда бұған тыйым салатын арнайы ереже де жоқ.

Өзге мемлекеттердiң көбiнде мұндай қылмыспен күресудiң өзiндiк тәжiрибесi бар. Мысалы, Франция мемлекетiнде Интернет заңмен реттелiп отырады. Француздық веб-сайт иегерлерi арнайы тiркелуден өтуi тиiс. Тiркелуден өтпеген веб-сайт иегерi қылмыстық жауапқа тартылады. Қысқасы, Маркиз де Садтың отанында ғаламторда порно-сайт құруға түбегейлi тыйым салынады. Керi әсер туғызатын ақпараттарды таратуды тежеудегi мұндай тәжiрибе Еуропаның басқа да мемлекеттерiнде жүзеге асып келедi. Ал бiздiң елiмiзде, өкiнiшке қарай, мұндай қылмыстарды тежеу мүмкiн болмай отыр. Сондықтан қоғам порно-сайттардан қорғалмайды. Еуропа қоғамы тамырына балта шапқан қылмысқа бiздiң дәрменiмiз жетпей отыр ма сонда? Қылмыстың алдын қазiрден бастап алмасақ кiшкентай бүлдiршiндерiмiз виртуалды әлемнiң зұлым “режиссерларының” құрбаны бола бермекшi…..

Әйгерiм БАҚЫТҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары