СЕБЕБIН СҰРАЙ КӨРМЕШI

СЕБЕБIН СҰРАЙ КӨРМЕШI

СЕБЕБIН СҰРАЙ КӨРМЕШI
ашық дереккөзі
265

Оңашада жыласам,

Ой түбiне құласам.

Айдыныңда тасысам,

Сағынғанда жасысам –

Себебiн сұрай көрмешi?!

Қырдан жалғыз гүл терсем,

Жаңғырыққа үн берсем.

Аққуға ұзақ қарасам,

Күндердi өткен санасам –

Себебiн сұрай көрмешi?!

Ұйқысыз түндер өткерсем,

Жүзiмнен жалын от көрсең.

Кейде толқын жiпке толғансам,

Үзiлген жiпке жалғансам –

Себебiн сұрай көрмешi?!

Себебiн сұрай көрмешi,

Тағдырым солай егессiн.

Өйткенi, қалқам, сен менiң,

Шын бақытым емессiң!

КЕЗДЕСУ

Құстарым менiң, төбемнен ұшып өткенде,

Самалым салқын, бетiмнен әлсiз өпкенде.

Басқалардан дара бiр бейне, сен қалқам,

Жолықтың маған, әдемi кештi көктемде.

Қараймын ұзақ, жұлдызға толы аспаным,

Нөсерiн маған құйғандай-ақ жас жаным.

Орала келiп, ойыма түсер осы сәт,

Түсiне алмай сезiмнiң сырлы астарын.

Ұғындым мен де махаббат сырлы аспаным,

Ұғындым мен де сөздердiң сол бiр астарын.

Ал бiрақ мәңгi қалары ыстық жүректе,

Махаббат — сезiм, дауыл ғой ол бiр қасқағым!..

Сәрсенгүл КIШКЕНТАЕВА

Серіктес жаңалықтары