МЕН САҒАН АСЫҒАМЫН, КӨКТЕМ

МЕН САҒАН АСЫҒАМЫН, КӨКТЕМ

МЕН САҒАН АСЫҒАМЫН, КӨКТЕМ
ашық дереккөзі
394

Әр күнiм — бақыт, әр күнiм — бақыт, Тойымдай,

Армандарыма асыққан менiң ойымды-ай. Сен жаққа неге елеңдей бердiм, еркелiк, Бiр жырым бардай нүктесi қалған қойылмай, Мен саған асығамын, көктем! Қолтаңбам қалған қағаздарыма көмiлдiм, Мен елес емес, мен елес емес, өмiрмiн. Керек еместе кердеңдiктерге толы әлем, Жауыздықтардан келмеген кезде жеңiлгiм Мен саған асығамын, көктем! …Терезелерде, терезелерде өмiр бар. Перiштелерiм, алақандарға қоныңдар, Құмсағаттардың соңғы сырылы шығар бұл Сондықтан адам, сондықтан тату болыңдар. Мен саған асығамын, көктем! Бастағы бақтың бағасы қайда деместей… (Оятқан менi қараторғайлар емес пе, ей?) Сендегi ырың-жырыңның бәрi, ей, әлем! Адамға керек еместей. Мен саған асығамын, көктем!
ҚАҒАЗ САМОЛЕТТЕРIМ
 

Аунап түстi тағы бiр күннiң парағы

Айна көлдер — көңiлiмнiң жанары. Жүрегiмнен бiрiн-бiрi қимаған, Сағыныштың қағаздары ұшып барады… Көбелектi қуа алмаймын. Даласыз. Табанымда асфальт жүздi, қала, Сiз! Қалғым келген қайғысы жоқ сәби боп, Қалғым келген жүректей боп жарасыз. Сен үшiн де, мен үшiн де бар құны Еркелiктiң иiсi менен аңқыды. Мен өмiрдi сүйiп жүрмiн ес-түссiз Балалық шақ, сенi сүю арқылы. Қандай тәттi-ең дәмi бала-өкпенiң! Сол күндерге жүгiрсем де жетпедiм. Менi тастап мұңдары көп мекенге Кетiп қапсың, қағаз самолеттерiм! Қаз сияқты қалықтайды сол арман. Қол бұлғайды қиялдарым — қара орман. Көкжиекке сiңiп кеттi бала-күн Қағаз самолеттерiмдей жоғалған.
* * *
 

Найзағайдың басып күр-күр демiн,

Құйшы-құйшы менiң нөсерлерiм! Сол күнi мен жалаңаяқ шылп-шылп Кешейiн бiр суын көшелердiң… Жапырақпен жаным егiз. Үндемедiм. Бақбақтың да үпiлдiрiктерiн үрлемедiм. Анашым-ей, тауға апаршы менi Көргiм кеп жүр арша бүрлегенiн. Қарлы таудың мұңдарындай сол бiр, Қабағымның астында да ой жүр. Жүрегiмнiң кiрпiктерiн сiлкiп, Жiберейiн Сен де сiлкiн, ей, жыр! Найзағайдың басып күр-күр демiн, Құйшы-құйшы менiң нөсерлерiм! Сол күнi мен жалаңаяқ шылп-шылп Кешейiн бiр суын көшелердiң…
  Мақпал ЖҰМАБАЙ

Серіктес жаңалықтары