БҰЛ ДА ҚОНАЕВ ҚОЗҒАҒАН МӘСЕЛЕ ЕДI

БҰЛ ДА ҚОНАЕВ ҚОЗҒАҒАН МӘСЕЛЕ ЕДI

БҰЛ ДА ҚОНАЕВ ҚОЗҒАҒАН МӘСЕЛЕ ЕДI
ашық дереккөзі
292

1986 жылы 16-желтоқсан күнi жұмыстан кейiн кешкiлiк Қонаев ескерткiшi жанынан өтiп, осы маңдағы дүңгiршектен «Кешкi Алматы» газетiн алдым. Бiрiншi бетке Қазақстанның жаңа басшысы Колбиннiң суретi берiлiптi. Димекеңнiң қызметтен кеткенiне байланысты көшеде гу-гу әңгiме. Қазақтардың қабағы түсiп кеткен.

Осы күнi және ертеңiнде күндiз-түнi Дүниежүзiнен хабар алатын үйiмдегi радио сағат сайын әр тiлде «Дiнмұхамед Қонаев» деген сөздi жиi қайталады. Бiр шетелдiк радиотолқыны тiптi, таң атқанша Қонаевтың құлағын шулатты. Өзге сөздерiн түсiнбесем де «Қонаев» деген атты айтқанда мұның арты не болар екен деп ойладым. Ал, араб, түркi тiлдерiндегi «Дiнмұхамед» деген ат екпiн алып айтылады. Өйткенi күллi мұсылман әлемi, шетелдердегi түркiлерi дүниеге белгiлi Политбюро мүшелерiнiң топтық портретiндегi жүзiнен нұр тамып, мейiр-шапағат төгiлiп тұратын пайғамбар аттас Дiнмұхамед Ахметұлы тегiн адам емес. Бұл дiнсiз қоғамдағы «Алланың ишарат-белгiсi» деп ұғатын едi.

Димекең жұлдызы жанып тұрған жетпiсiншi жылдары Египет Араб Республикасына барып, үлкен жиында сөз сөйлейдi. Сөз сөйлеудiң алдында тиiстi лауазым иесi «Бұл кiсiнiң азан шақырып қойған аты Дiнмұхамед, әкесiнiң аты Ахмет» деп таныстырғанда Димекеңе ерекше қошемет көрсетiледi. Жалпы Араб елдерi, Иран жұрты ежелгi «Түркiстан ықыласындағы» (Қазiргi Қазақстан) пайғамбар аттас (Дiнмұхамед) қазақтың кемеңгерлiгi мен даналығына және перiштедей тазалығына тәнтi едi.

Желтоқан оқиғасы кезiнде есiмi мұсылман дiн әлемiне машһұр адам өмiрiнiң тәлкекке түсуiн Құдайсыз саясат (коммунизм) ұстанған қоғамның соңында күйреуiне әкелiп соқты.

Көп өтпей Ата дiн қайта оралды. Қазiр Қазақстанда хақ дiн қанат жайып келедi. Ай сайын мешiт ашылады десе де болғандай. Айтпақшы, Алматыда әулие Әлмерек, Райымбек Ата басында және Шымкенттегi Қонаев мешiтiндегi әулие-дана Дiнмұхамед, Димекең рухына салауат айтылып дұға оқылады. Димекең тау үстiне телемұнара салдырған Көктөбе маңындағы түбiнде күмбезi көк тiрейтiн ғаламат мешiт өмiрге келмек. Алланың нұры жауған Алатау етегiндегi Құдай үйiн Тәңiр көруге жазсын.

Кеңес Үкiметiнiң «пайғамбар» көсемi В.Ленин «Коммунизм» идеясын өмiрге әкелiп, Құдайды жоққа шығарды. Бiрақ өлер шағындағы жанталас сәтiнде Құдайдың бар екенiн бiлiп, жаратқанға жалынып кеттi. Ал, Димекең Құдайдың құдiретi арқылы «түс -аяны» бойынша өмiрден өтетiн күнiн (22.08.1993) ең жақын адамына айтып, көз жұмды. Мұфти жаназасын шығарды. Көзiнiң тiрiсiнде өзi айтқан өсиет-шариғат бойынша. Мiне, сондықтан Дiнмұхамед, Димекең жаратылысынан мәңiгiлiк хақ дiннiң әулие абызы едi. Құдайсыз қоғамның құлайтынын Қонаев «қызмет-тағдыры» арқылы көрсеттi. Өйткенi Құдайдың сүйiктi құлы Қонаев дiн әлемiнде 1101-шi қасиеттi адамға саналады екен. («Ақиқат» журналы, №11,2007ж).

Заман қашанда тарихтағы жеке тұлға, белгiлi адамдардың iс-әрекетi немесе тағдыры арқылы өзгерiп отырады. Олай болса Кеңестiк ұлы империяның ыдырауының себеп-салдары Қонаевқа текке ұрынып, кек алудан басталған.

1985 жылы сол кездегi КСРО министрлер Кеңесiнiң төрағасы Рыжков Батыс Қазақстанға келiп, осы облыстың бiраз мұнайлы өңiрiн Ресейге қосу жөнiнде Димекеңнiң келiсiм беруiн өтiнедi. Бұған ұлтының шын ұлы, қазақтың «қарс сүйем» жерi үшiн талай айқасқан Қонаев үзiлдi-кесiлдi қарсы болды. Қазақ жерiн бөлшектеуге қарсы ұлт перзентiнiң бұл соңғы ерлiгi едi. Соңында шовинизмнiң жаңа көсемi Горбочев Димекеңдi айтқандарына көнбегенi үшiн орнынан алады. Сөйтiп, Қонаевтың қызметiнен кетуiне байланысты дүниенi дүрлiктiрген Желтоқсан көтерiлiсi басталды.

Қазақтың бағына туған Димекең Брежневпен жақсы кезiнде Қазақстанның жер көлемiн алға тартып, Бiрiккен Ұлттар Ұйымына мүше болу ниетiн сездiргенiн бiреу бiледi, бiреу бiлмейдi. Жетпiсiншi жылдардың басында әңгiме болған бұл мәселе кейiн тез басылып қалады. Ол кезде мен ҚазГУ-де студент едiм. Қонаев мұражайында болған бiр әңгiме сұхбатта марқұм белгiлi қоғам қайраткерi Заманбек аға Батталханов Димекең кезiнде Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болуы жөнiнде санаулы адамдардың арасында әңгiме болғанын ол кiсi растаған едi. Димекеңнiң түпкi ойы халықаралық ұйым арқылы мемлекет тұтастығын сақтау болған.

Ораз ҚАУҒАБАЙ

Серіктес жаңалықтары