ҰЛЫС ЖЫРЫ

Ұлыстың ұлы күнi Ақ пен Қара
Астасып — болады мәз Қарт пен Бала.
Теңелiп төрт құбыласы табар таупық,
Тағдырдың тауқыметiн тартқан Дала.
Айырылып бейпарасат пенделiктен,
Ереуiл ел тынысын ер кеңiткен.
Құлпырып қызыл-жасыл керуен-наурыз,
Қаулайды жас құрақтай көлге бiткен.
Ұлыс бұл — Жақсылықты жан қалаған,
Ақ бата адал асқа болған алаң.
Түйсiнiп әз болмысын, танып тегiн.
Аңдаған айырмасын Аңнан Адам.
Ұлыс бұл — Жамандықтың дiлiн кескен
Дос боп Қас атасының құнын кешкен.
Күллi әлем Күннiң алтын нұрына елтiп,
Жерде — ұл-қыз, Көкте — жұлдыз күлiмдескен.
Ұлыс бұл — Тәңiр-Ана иген күнi,
Қараға хақ теңдiгi тиген күнi.
Теңдессiз құдiретке айналады,
Адамзат табиғаттың сүйген құлы
ИРАН-ҒАЙЫП