«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТIНЕ – 100 ЖЫЛ

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТIНЕ – 100 ЖЫЛ

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТIНЕ – 100 ЖЫЛ
ашық дереккөзі
376

Ең алғаш қазақ тiлiндегi бейресми демократиялық бағыттағы жарық көрген «Қазақ» газетiне – 100 жыл толды. 1907 жылы 13 наурызда Орынбор губерниясына қарайтын Тройцк қаласында Х.Сословский мен И.Иманбаевтың ұйымдастыруымен шыққан. Бұл туралы дерек көздерi «Торгайская газетаның» 12-санындағы «Новая киргизская газета» деген материалда анық айтылған. Онда: «қазақ тiлiндегi тұңғыш газет жергiлiктi халыққа Патша үкiметiнiң жақсы-жаман жақтарын түсiндiруге бағытталған» деген түсiнiктеме берiп өткен. Шынында да, бұл газет қазаққа тиесiлi жердi берудiң өте қауiптi екендiгiн және қазақ тiлiнiң хал-ахуалын сол кезде ашып жазған», – дейдi прфессор Қамбар Атабаев. Әрине, ештеңеден тайсалмай ашық түрде жариялаған материалдарынан соң басылым бiрiншi нөмiрiнен кейiн-ақ жабылып қалған. Өйткенi, ұлттық мүдденi қорғады. Ұлт-азаттығы үшiн күреске қарсы тұратын қазақ тiлiндегi алғашқы газет Қазақ екендiгiмiздi айқындады. Бiрақ газет сол кездегi алаш азаматтары секiлдi саяси бағыттың құрбанына айналып кете барды. Одан бiр айдан кейiн Санкт-Петербург қаласында «Серке» газетi жарық көрдi. Оның да тәуелсiз жолындағы күресте ғұмыры қысқа болды. Тек кейiннен 1913-1918 жылы Орынборда белгiлi ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсыновтың басшылығымен шығып тұрған «Қазақ» газетi – ұлттық идеологияның негiзiн қалаған символ ретiнде тарихта қалды. Сондықтан бүгiн «Ел болашағы» халық қозғалысы 13 наурызды – Ұлттық баспасөз күнi деп жариялауды және Орынборда «Қазақ» газетi шыққан үйге белгi тақта орнатуды ұсынып отыр. Өйткенi, бұл бiздiң ата-баба алдындағы мiндеттi борышымыз дейдi. Ол үшiн мемлекеттiк тұрғыдан мына мәселенi қарастыру керек: 13 наурызды Ұлттық баспасөз күнi деп жариялап, оны заңдастыру және А.Байтұрсынов тұрған үйдi Қазақстан қарамағына сатып алып, ұлт-азаттық күрес тарихының мұражайы ретiнде шешiм шығару қажет» дейдi ұйымдастырушылар.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары