Петропавлдағы комбинатта жұмысшы қаза тапты

/
Петропавлдағы комбинатта жұмысшы қаза тапты
istockphoto.com

Петропавлдағы Солтүстік фанера комбинатында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кәсіпорында 42 жастағы қызметкер жұмыс орнында қаза тапты. Куәгерлердің айтуынша, ер адамның үстіне металл көтергіш құрылғы құлаған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оның көз жұмғанын растаған. Алған жарақаттары өмірге үйлеспейтін болғандықтан, ер адам дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болған.

«19 қазан күні Петропавл қаласындағы бір кәсіпорын аумағында алдын ала мәлімет бойынша, техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі тіркелді, соның салдарынан 42 жастағы қызметкер қаза тапты», – деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Кәсіпорын Петропавлда шамамен бес жыл бойы жұмыс істейді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, онда 250-ге жуық адам еңбек етеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары