ХАЛЫҚТЫҚ ТҰЛҒАНЫ ЕСКЕ АЛДЫ

ХАЛЫҚТЫҚ ТҰЛҒАНЫ ЕСКЕ АЛДЫ

ХАЛЫҚТЫҚ ТҰЛҒАНЫ ЕСКЕ АЛДЫ
ашық дереккөзі
298

Жуырда мемлекет және қоғам қайраткерi Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 95 жыл толуына орай Алматыдағы «Қазақконцертте» салтанатты жиналыс болды. Онда ардагер ел ағасы Кеңес Аухадиев баяндама жасады. Ол Д.Қонаевтың ұлағатты өмiр жолының қилы кезеңдерiне кеңiнен тоқталып, республикаға сiңiрген еңбегiне жоғары баға бердi. Жылдар өткен сайын бiртуар тұлғаның ел iшiндегi қадыр-қасиетiнiң арта түсiп, келер ұрпаққа өнеге болып қала беретiнiмен тұжырымдады.

Баяндамадан соң «фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» ансамблiнiң сүйемелдеуiмен ұлттық өнердiң қас шеберлерi, Социалистiк Еңбек Ерлерi Бибiгүл Төлегенова, Ермек Серкебаев Дiнмұхамед Ахметұлының рухына арнап, жүрек жарды лебiздерiн айтып, ән шырқады. Содан кейiн сахнаға шыққан халықтың сүйiктi әншiлерi Әлiбек Дiнiшев, Ескендiр Хасанғалиев, Нұрғали Нүсiпжанов, Сара Тыныштығұлова, Майгүл Қазтұрғанова, Сұлтан Байсұлтанов тамылжыта салған әндерiмен көрермендер ықыласына бөлендi.

Ертеңiне республиканың әр облыстарынан келген қонақтар мен қала жұртшылығы Д.Қонаев ескерткiшiне гүл шоқтарын қойды. Кезiнде үзеңгiлес жүрiп, қызметтес болған жандар сөз сөйледi. Кешкiсiн Республика сарайында Д.Қонаевтың 95 жылдығына арналған ақындар айтысы өттi.

Серіктес жаңалықтары