ЖОЛ ЖАҒДАЙЫ ТӘРБИЕНI ТАЛАП ЕТЕДI

ЖОЛ ЖАҒДАЙЫ ТӘРБИЕНI ТАЛАП ЕТЕДI

ЖОЛ ЖАҒДАЙЫ ТӘРБИЕНI ТАЛАП ЕТЕДI
ашық дереккөзі
278

Алып қала Алматыдағы көлiк нөпiрi жол тазалығына да керi әсерiн тигiзiп отыр. Соңғы 9 айдың қорытындысы бойынша, арнайы қоқыс полигонына 61000 текше метр қоқыс пен қалдық заттар төгiлген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 31103 текше метр артық күл-қоқыс. Ал, автотұрақ, автопарктердiң көбеюi, транзиттiк көлiктердiң ағылуы алдағы уақытта жол тазалығына байланысты өзiндiк проблемаларды және тығырыққа тiрелудiң тосын жағдайын сездiрiп отыр.

Сондықтан тiкелей жол тазалығымен айналысатын қаладағы Жол пайдалану басқармасы биыл жаңадан бiраз шетелдiк техникалармен құрал-жабдықтар алды. Өйткенi, жалпы жиынтық мөлшерi 1521 шақырым құрайтын қала жолдарын күнде тазалап отыру оңай шаруа емес. Ал қыс кездерiнде жолдарды қардан ашып, көктайғақ болдырмаудың қиындығы да, қырсығы да жеткiлiктi. Ол үшiн қаржы мәселесi өз алдына, жүргiзушiлер үшiн тазалық тәрбиесi мен қалалықтардың Оңтүстiк астанаға деген патриоттық сезiмiн олардың ой-санасына сiңiру қажет сияқты. «ДЭУ-Автобазада» журналистермен болған сұхбатта бас директор Бақтыбай Нұрбайұлы Кенжеқараев және оның орынбасары Марат Кесiкбаев мырзалар тазалық шарасы үшiн жол сақшыларымен, экологиялық қызмет адамдарымен және БАҚ өкiлдерiмен алдағы уақытта бiрлесiп жұмыс iстеудiң қажеттiлiгi жөнiнде баяндады.

Ораз АЙ

Серіктес жаңалықтары