ЖЕҢIСТIҢ КӨРМЕСI!
ЖЕҢIСТIҢ КӨРМЕСI!
Елiмiзде ұлттық фототiлшiлер санаулы-ақ. Бiр қуантарлығы, соңғы жылдары елiмiздiң ақпарат кеңiстiгiнде фототiлшiлердiң жаңа толқыны түлеп ұшып, сапқа қосылуда. «Алматы ақшамы» басылымының фотографы Жеңiс Ысқабайдың жөнi бөлек. Жас та болса, газет оқырмандарын суреттерiмен сүйсiндiрiп, қала тiршiлiгi мен маңызды оқиғаларды фоторепортаждарымен жеткiзiп жүрген фотосуретшi таяуда алғашқы көрмесiн өткiздi.
Жеңiс Ысқабай жастайынан сурет салуға әуес болған. Содан болар, ауылдастары оны «суретшi» деп атап кеткен. Кiшкентайынан сурет салып, ағаш оюға әуестенген бала кейiн келе фотосуретке көбiрек көңiл бөле бастады. Қазiр Жеңiс Ысқабай – кәсiби фототiлшi, «Азия-Қазақстан» фотоклубының мүшесi, бiрнеше фотокөрмелердiң жүлдегерi.
Көрмеге көбiне портрет жанрындағы суреттер қойылыпты. Жалпы саны 200-ден астам сурет көрерменнiң көзайымына айналды. Суреттердiң басты кейiпкерлерi – белгiлi қоғам қайраткерлерi мен саясаткерлер, әншiлер мен қарапайым алматылықтар. Өмiрдiң қас-қағым сәттерi де мүлтiксiз берiлген. Көрмеге келгендер де жылы лебiздерiн бiлдiрiп жатты. Жеңiс Ысқабайдың еңбектерiн әрiптестерi де жоғары бағалап отыр. Бұл орайда «Жас Алаш» газетiнiң фототiлшiсi Асылхан Әбдiрәйiм: «Фотожурналистика саласында ұлттық тiлшiлер санаулы ғана. Алдыңғы ақсақалдарды айтатын болсақ, олар Рысқали Дүйсенғалиев, Сайлау Пернебаевтар. Олар Кеңес Одағы тұсында жақсы жұмыс атқарған. Бiрақ тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары мұндай мамандар азайып қалды. Жеңiс iнiмнiң шығармашылығы туралы айтатын болсам, бұл жерде портрет жанры көп екен. Негiзi фотожурналистикада портрет түсiру жанры үлкен шеберлiктi қажет етедi. Мысалы, кейде фотографтор мен фотожурналистердi кейбiр адамдар түсiнбейдi. Фотограф деген студияда отырып, дайын дүниенi түсiредi. Ал, фотожурналистика өмiрдегi қас-қағым сәттi бейнелейдi. «Бүгiн – жаңалық, ертең – тарих» дегендей… Сондай сәттердi ұстап алудың өзi үлкен шеберлiктi қажет етедi. Бүгiн Жеңiс бауырымның қойып жатқан үлкен көлемдегi суреттерi – анау-мынау адамның қолынан келе бермейтiн дүние. Әлi жас та болса, алда жеңiстерi көп болсын деп тiлеймiн!» – дейдi. Бiз де әрiптесiмiздi құттықтап, шығармашылық табыстар тiлеймiз!
Кәмшат ТАСБОЛАТОВА