«ҚАЗАҚМЫС» КОРПОРАЦИЯСЫ ДАЙЫНДАҒАН СЫЙЛЫҚТАР

«ҚАЗАҚМЫС» КОРПОРАЦИЯСЫ ДАЙЫНДАҒАН СЫЙЛЫҚТАР

«ҚАЗАҚМЫС» КОРПОРАЦИЯСЫ ДАЙЫНДАҒАН СЫЙЛЫҚТАР
ашық дереккөзі
226

Әлеуметтiк саланың жақсаруына, әлеуметтiк ахуалдың түзiлуiне «Қазақмыс» корпорациясы ерекше көңiл бөлiп келедi. Оның дәлелi ретiнде, Тәуелсiздiгiмiздiң он бес жылдық мерейтойына тарту ретiнде аталмыш корпорация көптеген ұйымдарға демеушiлiк көрсетiп, едәуiр қаржы бөлдi.

Атап айтар болсақ, Жезқазған қаласындағы Абылай хан ескерткiшi мен құрылыс алаңдарының бiтуi үшiн корпорация тарапынан 10 млн. теңге қаржы құйылыпты. Сондай-ақ, Қарағанды қаласындағы Қ. Байжанов атындағы концерттiк бiрлестiкке Халықаралық скрипкашылардың байқауына қатысуы үшiн 127 мың теңге көлемiнде қаржы бөлiптi. 2006 жылдың 3 қазанында Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданындағы Бөген орман шаруашылығында болған өрт көпшiлiктiң есiнде шығар. Осы оқиғаға орай, корпорация өз көмегiнен аянып қалған жоқ. Өз кезегiнде корпорация жапа шеккен жергiлiктi тұрғындарға демеушiлiк ретiнде 4 млн. теңге бөлген. Қылмыс пен құқық бұзушыларға қарсы күрес республикалық Қорының Шығыс Қазақстандағы филиалының арнайы хатының негiзiнде демеушiлiк көрсетiп, «Қазақмыс» корпорациясы аталмыш ұйымды көлiкпен қамтамасыз ету үшiн 11 млн. теңге көлемiнде қаржы бөлiп отыр. Сондай-ақ, «Қазақмыс» корпорациясының қаржылық-экономика жөнiндегi вице-төрағасы В. Жұманбаевтың тiкелей тапсырмасымен Қазақстан Республикасының Хоккей Федерациясына да көмек көрсеттi. 3,5 млн. теңге көлемiнде берiлген қаржы ұйымның оқу-жаттығу жұмыстарына және жастарымызды команда құрамына тартуы үшiн жұмсалмақ.

Тәуелсiздiк мерекесi күндерi Сәтпаев қаласындағы «Горняков» атындағы мәдениет сарайында салтанатты шеру өттi. «Жезқазғантүстiметалл» комбинаты қызметкерлерiне еңбектерiне орай арнайы сыйлықтар тарту етiлдi. Қарағанды машина жасау және құю зауытында «Қазақмыс» корпорациясының ұйымдастыруымен, Мәңгiлiк алауға гүл шоқтары қойылып, Қаныш Сәтпаев ескерткiшiне тағзым етiлдi. Зауыт қызметкерлерi мен еңбек ардагерлерiн, олардың отбасын мерекемен құттықтап, ән мен жырдан шашу шашылды. Мерекелiк жиында «Қазақмыс» корпорациясы филиалының директоры Г.Ли мырза баяндама жасап, корпорациясының соңғы кездерi жеткен жетiстiктерiн айта кеттi. Барлық бөлiмше қызметкерлерi, Ұлы Отан соғысы ардагерлерi және еңбек ардагерлерi, ауған соғысының ардагерлерi мен чернобылдiктердiң есiнде бұл күн ұзақ сақталатын болады.

«Жастар» және «Қушоқы» жұмысшы аймақтарында да мерекелiк шаралар ұйымдастырылды. Сол күнi көлiк және әлеуметтiк зерттеу директоры А.Раеваның ұйымдастыруымен, «Борлы» көмiр департаментiнiң коллективi қызметкерлерi арнайы сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен марапатталды. 16 желтоқсан күнi өткен спартакиадаға жиналған қауымда шек жоқ.

«Қазақмыс» корпорациясына қарайтын «Шығыстүстiметалл» өндiрiстiк бiрлестiгi өткiзген Ертiс кен орнында да тәуелсiздiк күнi ерекше тойланды. Оның үстiне, үлкен әрi жарық, қазiргi үлгiдегi технологиялармен жабдықталған мәдениет үйi де осында орналасқан.

«Металлург» Мәдениет үйiнде өткен мерекелiк шараға қазақстандық және Ресей жұлдыздары қатысып, өнер көрсеттi. Бұл мерекелiк шараны «Балқаштүстiметалл» өндiрiстiк бiрлестiгi ұйымдастырған едi. Салтанатты мерекеде корпорация қызметкерлерi ақшалай сыйлықтармен қатар, бағалы заттарды да иемдендi. Мәдени шарамен басталған мереке соңы от шашуларға ұласты.

Қазiр «Қазақмыс» корпорациясы жаңа жылдық шерулерге қызу дайындық үстiнде. Қарағанды машина жасау және құю зауытында қазiрдiң өзiнде жұмысшы балалары үшiн театрланған музыкалық қойылымдар басталып кеттi. Қайырымдылық бағытында өтiп жатқан таңертеңгiлiк бағдарламаларына «Құлыншақ» балалар үйiнiң де тәрбиеленушiлерi қатысуда. Жағдайы төмен отбасылардың балалары үшiн арнайы сыйлықтар да әзiрленген. «Отан» партиясы жағдайы нашар отбасылар мен зауыт ардагерлерiнiң отбасыларына арнайы барып, Жаңа жылмен құттықтауды да жоспарлап отыр.

«Қазақмыс» корпорациясы ГРЭС-i станция қызметкерлерi мен Топар ауылының тұрғындары үшiн жаңа жылдық концерт өткiзбек. Сондай-ақ, «Огонек» бала-бақшасына тегiн сыйлықтар әзiрлеуде және Абай ауданындағы балалар үйi мен интернаты, Абай қаласындағы Қарттар үйiне, Қарағанды қаласындағы балалар Қорына да арнап сыйлықтар дайындау үстiнде.

Мұндай мерекелiк шаралар «Балқаштүстiметалл» өндiрiстiк бiрлестiгiнде де өтпекшi. Әкiмшiлiк күшiмен және жастар одағының ұйымдастыруымен өтетiн мерекелiк шаралардың тiзiмi жоспарланған. Таңертеңгiлiк ойын-сауық кештерi, көпбалалы отбасыларға, төрт және одан да көп мектеп жасындағы балалары бар отбасыларға көмек ретiнде жаңа жылдық сыйлықтар әзiрлеуде. Саяқ, Қоңырат кен орындарында, сондай-ақ, Шатыркөл шахтасында да мерекелiк шаралар өтедi.

«Шығыстүрлi-түстiмет» өндiрiстiк бiрлестiгi балалар үйлерi мен қарттар үйлерiне қайырымдылық шараларын жасамақ. Жыл қорытындысы бойынша үздiк қызметкерлерге мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар берiледi. «Жастар» және «Қушоқы» елдiмекендерiнде де жаңа жылдық шыршалар қойылуда.

«Қазақмыс» корпорациясының «Борлы» көмiр департаментi филиалы ертегi қалашығын орнатуды жоспарлап отыр. Келесi аптаның iшiнде аталған департамент «Литвиновский» және «Пионер» балалар үйлерiне арнайы тегiн сыйлықтар бермек. Еңбек уақытында көз жұмған жандардың отбасылары мен еңбек мүгедектерiне де қамқорлық жасау көзделуде.

Гүлзина Бектасова

Серіктес жаңалықтары