«БIЗ БIЛМЕЙТIН ЖЕЛТОҚСАН»

«БIЗ БIЛМЕЙТIН ЖЕЛТОҚСАН»

«БIЗ БIЛМЕЙТIН ЖЕЛТОҚСАН»
ашық дереккөзі
612

Жуырда «ҚАЗақпарат» баспасынан журналист Болатбек Төлепбергеннiң «Бiз бiлмейтiн Желтоқсан» атты еңбегi жарық көрдi. Желтоқсан тақырыбына байланысты осы кезге дейiн жарияланған еңбектерде Желтоқсан көтерiлiсiне қатынасушылардың негiзiнен озбырлық билiк жүйесiнен көрген қорлығы мен шеккен азабы туралы айтылса, Болатбек Төлепберген өзiнiң алдына сол қорлық пен азап «тәлкегiне қаймықпай қарсы тұра бiлген, өршiл рух пен өмiршең идея –ұлттық мүдденi алға сүйреген» қаһарман ұл-қыздарымыз туралы сыр шертудi мақсат етiп қойыпты.

Кiтаптың тағы бiр ерекшелiгi – онда авторлық монологтер мен пайымдаулардың өте аз орын алғандығы. Оның орнына сол қанды оқиғаны көзбен көрiп, сол оқиғаға қатынасқан, сол үшiн сотталған, жапа шеккен 40-тан астам боздақтардың өздерi немесе бұл күндерi арамызда жоқ – өмiрден озған желтоқсаншылардың отбасы мүшелерi мен замандастары сыр шертедi.

«Бiз бiлмейтiн Желтоқсан» кiтабы негiзiнен төрт бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiм «Желтоқсан қалай басталды?» десе, екiншiсi – «Зиялылар не дедi?» деп аталады. Үшiншi бөлiмде қуғын көрген желтоқсандықтар мен олардың жақындарының естелiктерi берiлсе, төртiншi бөлiмде Желтоқсан қаһармандары сөз болады. Кiтапқа қосымша ретiнде ұсынылған көптеген фотоқұжаттар шертер сыр да аз емес.

Серіктес жаңалықтары