«АНА ТIЛI АРУЫ» БАЙҚАУЫ МӘСКЕУДЕ КОНЦЕРТ ӨТКIЗБЕК

«АНА ТIЛI АРУЫ» БАЙҚАУЫ МӘСКЕУДЕ КОНЦЕРТ ӨТКIЗБЕК

«АНА ТIЛI АРУЫ» БАЙҚАУЫ МӘСКЕУДЕ КОНЦЕРТ ӨТКIЗБЕК
ашық дереккөзі
280

2003 жылдан берi республикалық «Ана тiлi» басылымы мен «Қазақ газеттерi» ЖШС-нiң ұйымдастыруымен «Ана тiлi аруы» байқауы өткiзiлiп келедi. Байқаудың 5 жылдығына орай айтулы жобаның ұйымдастырушылары Талдықорған мен Астана қалаларында арнайы концерт өткiзбек екен. Сондай-ақ, Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 15 жылдығына орай ұйымдастырылып, Мәскеуде өтетiн эстрада жұлдыздарының концертiнде «Ана тiлi аруының» жеңiмпаздары да өнер көрсетпек.

«Ана тiлi» аруының бас продюсерi Айдар Қырықбайдың айтуынша, бұл игi бастама Қазақстанның Ресейдегi елшiлiгi мен Сыртқы iстер министрлiгiнiң демеуiмен жүзеге асып отыр. Бұл концерт, ең алдымен, Ресейдегi қазақ диаспорасына арналған. Сондай-ақ, айтулы концертке Қазақстан эстрада жұлдыздары – «Досмұқасан» тобы, «Мюзикола», Алтынай Жорабаева, Батырхан Шүкенов қатысады деп күтiлiп отыр. Естерiңiзге сала кетсек, «Ана тiлi аруы-2003» байқауында Сана Шандыбаева жеңiске жетсе, одан кейiнгi жылдары Гүлзия Алшынова, Бақытнұр Қызырбай мен Айда Дайыровалар байқау жеңiмпаздары атанған едi. Арулар байқауының осы жеңiмпаздары алдағы концерттерде ән айтып, би билеп, өз өнерлерiн халық алдында паш етпек.

Кәмшат ТАСБОЛАТОВА

Серіктес жаңалықтары