ҚАЗАҚСТАНДА ИСЛАМДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ДIН МАМАНДАРЫН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРI

ҚАЗАҚСТАНДА ИСЛАМДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ДIН МАМАНДАРЫН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРI

ҚАЗАҚСТАНДА ИСЛАМДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ДIН МАМАНДАРЫН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРI
ашық дереккөзі
342

атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өттi

Дiнiмiзбен қауышқанымызға да көп уақыт өте қойған жоқ. Халқымыздың оған деген ықылас-ниетi күштi. Әйтсе де, дiн мамандары жеткiлiксiз. Арнаулы жоғары дiни оқу орны бiреу ғана. Сондықтан, елiмiзде исламды оқыту, оған бiлiктi дiн мамандарын дайындау аса өзектi қалпында қалып отыр. Дiнтану мамандығы бойынша елiмiздiң бiрқатар жоғары оқу орындарында мамандар дайындалып жатқаны рас. Әйтсе де, олардан нағыз исламтанушылар мен мешiттердiң дiн қызметкерлерi шықпайды. Неге? Бұл өзi шешiмiн күткен аса күрделi мәселе. Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениетi университетiнде өткен “Қазақстанда исламды оқыту және дiн мамандарын дайындау мәселелерi” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда жан-жақты талқыланған мәселе де осыған арналды деуге болады. Оны кiрiспе сөз сөйлеп, аталмыш оқу орнының ректоры, академик М.Ф.Хижази ашты. Онда Нұр-Мүбарак университетiнiң проректоры, филология ғылымдарының докторы Ш.Керiм “Қазақстанда исламтанушы, дiн мамандарын дайындаудың көпсатылық жүйесiн қалыптастыру – өмiр талабы”, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Имамдардың бiлiмiн жетiлдiру институтының ректоры, философия ғылымдарының кандидаты М.Х.Алсабеков “Имамдардың бiлiмiн жетiлдiру курстарының бағдарламалары”, Шет тiлдерi және iскерлiк карьера университетiнiң ректоры, профессор, ғылым докторы С.Хизметли “Қазақстандағы исламды үйретудiң әдiстемелерi”, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нiң дiнтану кафедрасының меңгерушiсi, философия ғылымдарының докторы Н.Ж.Бәйтенова “Дiнтану мамандығында исламды оқыту мәселелерi”, Алматы қаласындағы N17 мектеп-интернаттың директоры Т.Жамалбекұлы “Мектептегi рухани-адамгершiлiк тәрбиесi”, Дiни басқарманың бөлiм меңгерушiсi Ә.Дәуренбеков “Түркiтектес республикалардағы медреселер (Түркия, Өзбекстан мысалдары бойынша)”, Алматы қалалық Әдiлет департаментiнiң дiни iстер жөнiндегi жетекшi маманы, ғылым докторы Алау Әдiлбаев “Ислам ахлағы және оны оқыту” деген тақырыптар бойынша баяндамалар жасады.

Конференцияда дiнiмiздi оқыту және оған мамандар дайындауға қатысты мәселелерге байланысты мұнан өзге де көптеген ғалымдар баяндамалар жасап, өз ой-пiкiрлерiн ортаға салды, бiрқатар құнды ұсыныстар бiлдiрдi. Конференция материалдары өз алдына жеке жинақ болып жарық көрмек.

Оңғар қажы ӨМIРБЕК

Серіктес жаңалықтары