ӘРIПТЕСТЕР ТАҒЫ ДА МАРАПАТТАЛДЫ

ӘРIПТЕСТЕР ТАҒЫ ДА МАРАПАТТАЛДЫ

ӘРIПТЕСТЕР ТАҒЫ ДА МАРАПАТТАЛДЫ
ашық дереккөзі
217

Қаламгерлерiн құрметтей бiлген мемлекет қана өз болашағына нық сенiммен қарауға құқылы. Бұл даусыз ақиқатты мойындаған және баса айтып өткен кемеңгерлер тарихта көп-ақ. «Алматы ақшамы» газетi Тәуелсiздiк мерекесi қарсаңында тағы бiр қуанышқа кенелiп отыр. Басылымның Бас редакторы, белгiлi қаламгер Қали Сәрсенбай Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен «Құрмет» орденiмен марапатталды.

Қали Сәрсенбай — қазақтың белдi басылымдары — «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш» газеттерiнде, «Парасат» журналында қалам қарымын танытып, уақыт тынысы мен қоғамдық өмiрдегi түйткiлдердi тамыршыдай тап баса бiлген, көркем тiлмен кестелей бiлген көсемсөз шеберi ретiнде танылған азамат, қиялы ұшқыр әрi шыншыл қаламгер.

Қазақстан Республикасы Президентi сыйлығының лауреаты Қали Сарсенбайды мемлекеттiк жоғары наградасымен құттықтай отырып, қаламың мұқалмасын, қиял құсың шарықтай берсiн, табыстан табысқа жете берiңiз деп тiлеймiз!

* * *

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен мемлекет алдында сiңiрген еңбегi және қоғамдық iстерге белсене араласып, достық пен ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесi үшiн «Литер Media» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң бас директоры Ерлан Бекхожин де «Құрмет» орденiмен марапатталды! Ерланның ерен еңбегi жоғары бағалану журналистер қауымына да зор қуаныш.

«ТҮРКIСТАНДЫҚТАР»

Серіктес жаңалықтары