ИМАНҒАЛИ ТАСМАҒАМБЕТОВ АЛМАТЫЛЫҚТАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

ИМАНҒАЛИ ТАСМАҒАМБЕТОВ АЛМАТЫЛЫҚТАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

ИМАНҒАЛИ ТАСМАҒАМБЕТОВ АЛМАТЫЛЫҚТАРДЫ МАРАПАТТАДЫ
ашық дереккөзі
292

Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң атқарылар игi шаралардың үнемi көш басында жүретiндiгiне көзiмiз үйренiп қалды. Бұл әрине, бiрiншi басшыға қатысты дүние. Ел тәуелсiздiгiнiң 15 жылдығы қарсаңында Елбасы Жарлығымен тиiстi мемлекеттiк наградалармен марапатталған алматылықтар сыйлықтарын қала Әкiмiнiң қолынан алды. Бұған қоса, Иманғали Тасмағамбетов Желтоқсан көтерiлiсiнiң бiрнеше қатысушыларына, үш балалы отбасыға және кемтар бала тәрбиелеп отырған отбасыларға пәтер кiлтiн тапсырды.

Сонымен, ұзын-саны 78 алматылыққа қала Әкiмi «Отан», II-шi дәрежелi «Барыс», «Айбын», III-шi дәрежелi «Айбын», «Парасат», «Құрмет», II-шi дәрежелi «Достық» ордендерiн және «Ерен еңбегi», «Шапағат», «Жауынгерлiк ерлiгi үшiн» медалдерiн, «Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi» және Құрмет грамоталары секiлдi мемлекеттiк наградалар тапсырды. Ғалым Ғарифолла Есiм мен әншi Майра Iлиясова, әрiптесiмiз «Алматы ақшамы» газетiнiң Бас редакторы Қали Сәрсенбай «Құрмет» орденiн иелендi. Ғалым Нәдiр Нәдiров II дәрежелi «Достық» орденiн кеудесiне тақты.

Орден мен медалдерге қол жеткiзгендердiң барлығы дерлiк қала әкiмiне алғысын бiлдiрдi. Ердiң жасы елуге толған қала әкiмi Иманғали Тасмағамбетовке мемлекеттiк наградаға ие болған қалалықтар жылы лебiздерiн бiлдiрдi. Алғыс бiлдiрушiлер қаланың күннен күнге жаңарып, XXI-ғасырдың қаласына айнала бастағанын тiлге тиек еттi. Ғарифолла Есiм «Алматының жаңа ғасырдың қаласына айналуы Сiздiң арқаңыз. Жақсы-жақсы iстерiңiздi көрiп отырмыз. Бiз Сiзбен бiргемiз» десе, «Құрмет» орденiнiң келесi бiр иегерi Қазақстан Дiни басқармасы төрағасының орынбасары, Мухаммад Хусайн Алсабеков: «Иман деген Алланың нұры» дейдi ол. «Қаланың түрленгенi үшiн Сiзге алғыс айтамыз» десе, архитекторлар атынан сөйлеген мемлекеттiк награданың келесi бiр иегерi «Архитекторлар атынан айтайын: қалада архитектураның ренессанс дәуiрi болып жатыр» дейдi. Әкiм де «Кемедегiнiң жаны бiр» дейдi. Бiз Қазақстан атты бiр кеменiң iшiнде келе жатырмыз. Ол кеменiң басшысы Президенттiң арқасында бiз осындай жетiстiктерге жеттiк. «Жаяудың үнi шықпас» дейдi қазақ. Сiздердiң де қолдап отырғандарыңызға рахмет. Алматы қазiргi күнi астана деген мәртебесi болмаса да, мықты дамып келе жатқан қала» дейдi. Әкiмнiң бұлай дегенiне шәк келтiре алмаймыз. Айтпақшы, осы Иманғали Нұрғалиұлы әкiм болып келген 2004 жылдың аяқ шенiнен берi бүгiнге дейiн Алматы қаласының бюджетi 52 млрд. теңгеден 105 млрд.теңгеге өсiптi. «Ендiгi жылы қаланың бюджетiн 150 млрд. теңгеге өсiремiз деп жоспарлап отырмыз» дейдi қала әкiмi. Әкiм мемлекеттiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiнде де айтты. Бiздiңше, мемлекеттiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiнiң дұрыс орындалу-орындалмауы тiкелей аймақтың немесе қаланың әкiмдерiне байланысты. Ал Алматы қаласы әкiмдiгiн мемлекет жауапкершiлiгiн дұрыс түйсiнiп отыр деп айтуға толық негiз бар. Әкiмнiң қолынан Желтоқсан көтерiлiсiнiң бел ортасында жүрген азаматтар мен кемтар балалар тәрбиелеп отырған отбасылар, жақында дүниеге келген үшемнiң әкесi пәтер кiлтiн алды. Қуаныштарында шек жоқ. Әкiмге алғыстарын айтып жатты.

Әкiм де жаңа пәтер иелерiне үйлерiңнiң төрт бұрыштары қуанышқа толсын деп құттықтады. Ұлтжанды әкiм наградалар ұсыну, пәтер кiлттерiн ұсыну рәсiмiнде негiзiнен мемлекеттiк тiлде сөйлеп отырды. Бұған, тiптi, таң қалмасақ та болатын шығар. Иманғали Нұрғалиұлы қашанда ұлттық құндылықтардың басы-қасында жүретiн азамат қой.

Гүлнәр Мұқанова

Серіктес жаңалықтары