«АЛТЫН АДАМ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ИЕГЕРЛЕРІ

«АЛТЫН АДАМ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ИЕГЕРЛЕРІ

«АЛТЫН АДАМ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ИЕГЕРЛЕРІ
ашық дереккөзі
521

Таяуда Алматыда «Жыл адамы» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі болып өтті. Бұл игі шара осымен жетінші рет өткізіліп отыр. Дәстүр бойынша «Жыл адамы» сыйлығының иегерлеріне «Алтын Адамның» статуэткасы табыс етілді.

Биыл әділ-қазылар алқасы тек ғылым және өнер адамдарының қоғамның дамуына қосқан үлесін ғана емес, сол сияқты құқық қорғаушылар мен дәрігерлердің де еңбегін елегендей болды. Жалпы, байқауда 13 номинация бойынша арнайы сый-сияпаттар тағайындалды.

Жылдың «Үздік эстрада жұлдызы» номинациясында Батырхан Шүкенов жеңімпаз атанса, «Жыл спортсмені» болып Әлия Юсупова танылды. Ал, «Ұлттық музыканы таныту мен концерттік жобасы үшін» Еділ Құсайынов арнайы сыйға ие болды. Сол сияқты Сағынбай Қозыбаев «Қазақстанның журналистика саласының, ғылым мен жоғарғы мектебінің дамуына қосқан үлесі үшін» арнайы сыйға ие болды.

Кәмшат ТАСБОЛАТОВА

Серіктес жаңалықтары