РИМ ПАПАСЫНЫҢ ТҮРКИЯҒА САПАРЫ НЕМЕСЕ АУЫЗДАН АҢДАМАЙ ШЫҚҚАН СӨЗДIҢ САЛДАРЫ

РИМ ПАПАСЫНЫҢ ТҮРКИЯҒА САПАРЫ НЕМЕСЕ АУЫЗДАН АҢДАМАЙ ШЫҚҚАН СӨЗДIҢ САЛДАРЫ

РИМ ПАПАСЫНЫҢ ТҮРКИЯҒА САПАРЫ НЕМЕСЕ АУЫЗДАН АҢДАМАЙ ШЫҚҚАН СӨЗДIҢ САЛДАРЫ
ашық дереккөзі
203

Таяуда Константинополь патриархы Варфоломей Бiрiншiнiң шақыруымен Рим Папасы Бенедикт XVI Түркияға ат басын тiредi. Шетелдiк басылымдардың хабарлауынша, түрiк елiнiң премьер-министрi Тайип Ердоған Папамен кездесуден барынша «қашқақтапты». Алға тартқан уәжi – премьер Ригада өтетiн НАТО-ның жиынында болуы тиiс едi. Айтпақшы, кардинал кезiнде Түркияның аталған ұйымға кiруiне өте-мөте қарсы болған Йозеф Ратцингер бүгiнде түрiк елiнiң НАТО-ға кiруiн қолдап отыр.

Бұл сапар Рим Папасы үшiн оңайға түспесi анық. Түркияның саяси ұлтшыл ұйымдары мен ұлт патриоттары Ратцингердiң ресми сапарына үлкен қарсылық танытқан. Мұның да өзiндiк себебi бар. Қыркүйек айында ресми мәлiмдеме жасаған Рим Папасы Ортағасырлық Византиялық императордың: «Ислам әлемге бiрде-бiр жақсылық әкелмедi және мұсылмандар бұл дiндi күшпен таратты» – деген сөзiн мысалға келтiрген едi. Бұл мәлiмдеме артынша күллi мұсылман әлемiнде үлкен дау-дамай туғызғаны бәрiне белгiлi. Жағдайдың ушығып бара жатқанына көзi жеткен ресми Ватикан ат тонын ала қашты. «Папаның мәлiмдемесi дұрыс аударылмаған» – деп, баспасөз хабарламасын да таратты. Бiрақ, айтылған сөз – атылған оқ… Түркия ұлтшылдары Стамбұлдағы Қасиеттi София храмына баса көктеп кiруге тырысты. Басты себеп – Папаның аңдамай айтқан сөздерi. Бiрақ Папаға түрiк ұлтшылдары түгiлi, оның сапарының басы-қасында жүрген саясаткерлердiң де бүйрегi бұрмай тұрғандай. Олар Йозеф Ратцингердi елдегi мұсылмандық шарттарды құрметтеп жүруге иландырыпты. Рим Папасы да мұсылмандарға деген сыйластығын барынша көрсетiп жүр. Шiркеуге бәтеңкемен кiретiн католик пiрәдарлары осылайша мешiтке аяқ-киiмiн шешiп кiруге де дайын сияқты.

Кәмшат ТАСБОЛАТОВА

Серіктес жаңалықтары