АЛМАТЫДА ЖОЛАЙРЫҚТАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДI

АЛМАТЫДА ЖОЛАЙРЫҚТАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДI

АЛМАТЫДА ЖОЛАЙРЫҚТАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДI
ашық дереккөзі
303

Алматы iрiлiгiмен де, көркемдiгiмен де өзге қалалардан ерекшеленiп келедi. Сондай-ақ, жарты миллионға жетiп жығылатын автокөлiгiнiң өзiн өзге қалалармен салыстыра алмайсың. Таңертеңгi мезгiл мен кешкiлiк мезгiл автокөлiктер үшiн тiптi ауыр. Қала көшелерiндегi самсаған көлiктерден аяқ аттап жүре алмайсыз. Автобуспен де, жеңiл көлiкпен де жұмысқа уақытында жету мүмкiн емес. Әсiресе жаз айларында автокөлiкпен жүру өте ауыр тидi. Оның басты себебi, жалпы ұзындығы 2005 шақырымнан асатын қала көшелерi жөндеуден өткiзiлген едi.

Сол қиындықты жеңiлдету мақсатында жол айрықтарының құрылысы бiрiнен соң бiрi басталып, олардың санын сегiзге жеткiзудi қала әкiмшiлiгi мақсат тұтқан болатын. Соның бiрi – күнi кеше Алматыдағы ең ұзын эстакадалық өтпелi жол автокөлiк жүргiзушiлерiнiң игiлiгiне берiлдi. Рысқұлов даңғылы мен Жансүгiров көшесiнiң үстiн басып өтетiн бұл магистральды көлiк көпiрi құрылысының аяқталуын қала әкiмi Иманғали Тасмағамбетов өзi келiп, белгiленген мерзiмде аяқтаған құрылысшыларға алғысын айтты.

«Бұл – қаламызда әзiрге бар ең ұзын да үлкен эстакадалық өтпелi көлiк жолы. Себебi ол көлiктер ағынын бiрден екi көше үстiмен алып өте алады. Қазiр бұл даңғылдың Күдерин және Бөкейханов көшелерiмен қиылысқан тұстарында тағы екi жолайрығы салынып жатыр. Олар пайдалануға берiлген кезде Рысқұлов даңғылы көлiктер тоқтамай, бөгелiссiз өтетiн магистральға айналады. Бұл өз кезегiнде Райымбек даңғылына түсетiн салмақты азайтып, өзiнiң көлiк өткiзу мүмкiндiктерiн айтарлықтай арттыратын болады», – дедi әкiм.

Ендi бұл жолдан күнiне 184 мыңнан астам автокөлiк арлы-берлi ағып өте алатын болады. Бұрынғыдай емес, сапырылысқан көлiктердiң алды ашылып, жол кеңейiп қалды. Қала әкiмi Иманғали Нұрғалиұлының айтуынша, аталмыш жол айрығын салу үшiн 175 үйдi бұзуға мәжбүр болған. Ал олардың бәрi қазiргi нарық заманында аз ақша тұрмайтыны тағы белгiлi. Жол айрығының қалған бөлiгi келер жылдың ортасына қарай аяқталады екен. Ол айналма жолдар бiтетiн болса, құрылысы жанданып жатқан «Құлагер» ықшамауданына тiке жол ашылмақ.

Бүгiнде қалада дәл осындай сегiз жолайрығы құрылысы басталыпты. Олар: Сейфуллин — Тимирязев, әл-Фараби — Сейфуллин, әл-Фараби — Фурманов және

әл-Фараби — Есентай өзенi қиылыстарына салынып жатыр. Ал келер жылы Райымбек — Сүйiнбай даңғылдары мен Пушкин көшесi, Абай даңғылы мен Жандосов-Сәтпаев көшелерi, Сайын — Шаляпин көшелерi қиылыстарында жолайрықтар салу жоспарланыпты.

Гүлзина Бектасова

Серіктес жаңалықтары