ЛОНДОННЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА БҮЙРЕГI БҰРАДЫ

ЛОНДОННЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА БҮЙРЕГI БҰРАДЫ

ЛОНДОННЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА  БҮЙРЕГI БҰРАДЫ
ашық дереккөзі
429

Қазақстан Президентi Н.Назарбаевтың Ұлыбританияға атбасын тiреуi тәуелсiз мемлекетiмiздiң халықаралық саясат аренасында беделдi ойыншыға айналғанын толық дәлелдеген сапар болғанын әлемдiк беделдi ақпарат көздерiнiң басым бөлiгi мойындауда. Әсiресе, әйгiлi Букингем сарайында Қазақстан Президентi мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Корольдiгiнiң Королевасы II Елизавета кездесiп, екi мемлекет арасындағы қарым-қатынастар жайында әңгiмелесуi, бұл кездесудiң аса ыстық ықыласты, достық жағдайда өтуi халықаралық сарапшылар мен саясаткерлердiң назарынан тыс қалмаған.

Ұлыбритания әлемдiк өркениеттiң көш басындағы елдердiң iшiндегi аузын айға бiлеген арыстандардың бiрi. II Елизавета халқының жалпы саны 128 миллион адамды құрайтын Еуропа, Америка, Кариб бассейнi және океания аумағындағы 16 мемлекеттiң басшылығы болып табылады. Осындай қуатты елдiң Премьер-министрi Тони Блэрмен жоғары дәрежедегi кездесу де британдардың бiздiң елге деген ықыласы аса жоғары деңгейде екенiн айқындайды. Ұлыбритания елiмiздiң экономикасына инвестиция салу жағынан әлемде екiншi орын алса, Қазақстан Ұлттық банкi мен қазақстандық бiрқатар iрi банкiлер Англия банктерi және британдық әрiптестерiмен тiкелей корреспонденттiк қатынастарды жалғастыруда. Мәселен, капиталдандыру деңгейi бойынша «Қазақмыс» компаниясы британдық ең iрi 100 компанияның F TSE –100 тiзiмiне ендi. Авиация мен жолаушылар тасымалдау, қорғаныс, тағы басқа салалардағы байланыстарымыздың келешегi зор. Бүгiнде екi елдiң 128 бiрлескен кәсiпорны жұмыс iстейдi.

Ж.БАҚҚОНДЫҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары