ДЕМОГРАФИЯ – ЕҢ ӨЗЕКТI МӘСЕЛЕ

ДЕМОГРАФИЯ – ЕҢ ӨЗЕКТI МӘСЕЛЕ

ДЕМОГРАФИЯ – ЕҢ ӨЗЕКТI МӘСЕЛЕ
ашық дереккөзі
242

Бүгiнгi таңда қазақ ұлты үшiн демография мәселесi ең өзектi мәселелердiң бiрi болып табылатыны шындық. Өзiнiң тарих жолында талай күрделi де қатал сын өткелiнен өткен қазақ халқы өз жерiнде отырып азшылыққа ұшыраған болатын. Кешегi Кеңестiк дәуiрдегi ХХ ғасырдың 30 жылдарында қолдан жасалған зұлмат кезiнде ұлтымыз ашаршылыққа ұшырап, саны жағынан көп кемiп кеткен болатын. Соның зардабын әлi де, әлi күнге тартып келе жатырмыз. «Мың өлiп, мың тiрiлген қайран қазағым» (Мақаш Тәтiмов) өзiнiң демографиялық олқылықтарының орнын толтыруы үшiн әлi де күрделi асулардан асуы қажет. Қазақтар өз жерiмiзде басым көпшiлiкке айналмайынша тiл мәселесi де, дiн мен дiл мәселесi де ойдағыдай шешiмiн тауып, бiз күткендей нәтиженi бере алмайды. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамы бойынша қазiргi күнде қазақтар шамамен 57 пайыздық көрсеткiштi құрап отыр. Кешегi Кеңестiк дәуiрдегi зұлматты кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткiшке шүкiршiлiк дегенiмiзбен де, санымыздың әлi де өсе бергенi өте қажет.

Қазақтардың санын әлi де өсiрiп, өз жерiмiзде басым көпшiлiкке айналуына шет елдегi қандастарымыздың да қосатын үлесi мол болатыны даусыз. Жүрегi қазақ деп соғатын, өз ұлтының болашағына бей-жай қарай алмайтын, ой-санасы сергек әрбiр қазақ азаматы қазақтың санын тек Қазақстандағы қазақтармен ғана көбейту қиын болатынын түсiнуi керек. Бұны Қазақстандағы қазақтардың қазiргi таңдағы табиғи өсiмiнен де байқауға болады. Сондықтан шет елдегi қандастарымызды, шет елдегi қазақтарды Қазақстанға көптеп тарту өте қажеттi, өте игiлiктi iс-шара болып табылатыны анық.

Негiзгi ой бұл жерде қайткенде де мемлекетiмiзде, Қазақстан Республикасында қазақ ұлтының санын көтеруде болып отыр. Шет елдегi қазақтарды, шет елдегi қандастарымызды Қазақстанға көптеп тарту арқылы сыртқы демографиялық қысымға бой бермеуге, төтеп беруге болады деген тұжырымға келемiз. «Қанына тартпағанның қары сынсын» демей ме қазақ. Қазақ ұлтының санын көтеру, демографиялық саясат мемлекет тарапынан белгiлi бiр жоба, жоспармен жүргiзiлуi үшiн осы бағыттағы атқарылатын iс-шаралардың басында жүрегi шын мәнiнде қазағым, ұлтым деп соғатын, демография саласынан жан-жақты әрi мол хабары бар қазақ азаматтарының тұрғанын қалар едiк.

Бақыторал Тыныбаев

Серіктес жаңалықтары