«САҒЫНЫШ»

«САҒЫНЫШ»

«САҒЫНЫШ»
ашық дереккөзі
557

Өткен ғасыр қазақ өнерi үшiн, соның iшiнде махаббат пен достықты жыр еткен ән өнерi үшiн ең жарқын кезең болды. Бұл ғасыр қазаққа дала сазгерлерiн айтпағанның өзiнде жүрегiн ән тербеген Шәмшiнi, Әсеттi, Нұрғиса мен Iлияны сыйлады. Үлкен сахналарда, кез келген ән кештерiнде немесе түрлi қуаныштарда осындай танымал сазгерлер мен айтулы ақындардың жүрегiн жарып шыққан әсем әндер орындалып жатты. Өзегi сағыныш пен мұңға толы, әр жолы адалдық пен сенiмдi, өкпе мен назды паш еткен сол әндер уақыт өткен сайын сұрыпталып, көпшiлiктiң көңiлiнен шыққан ең үздiктерi тобын жазбай осы күндерге келiп жеттi. Жiгiттiң қызға айтқан сырын, ғашықтың сөзiн, ана мен баланың махаббатын, перзенттiң әкеге, туған жерге деген сағынышын осы әндер жеткiздi.

Күнi бүгiнге дейiн сол әндер, 50-70 жылдардың ең үздiк әндерi, сахна төрiнен түскен жоқ. Өткен күндердi санаңда қайта жаңғыртатын, көңiлiңнiң төрiндегi ең аяулы сәттердi тағы бiр есiңе түсiретiн, жүрегiңнiң сағынышқа толы пернесiн дәл басатын сол үздiк әндер жақында көрермендерiмен қайта қауышқалы отыр. «Ел» продюсерлiк орталығының ұйымдастыруымен 16 қараша күнi сағат 19.00-де «Сағыныш» ән кешi өтедi. Республика сарайында өтетiн ән кешiнде өткен ғасырдың ең айтулы әндерi орындалады. Қазақ эстрадасының жұлдыздары сол әндердi сағынған тыңдарман қауымды жаңа нақышпен әрленген шығармалармен тағы бiр сусындатқалы отыр.

Серіктес жаңалықтары