ТАБИFАТ БАЙЛЫFЫ КIМНIҢ МЕНШIГI?

ТАБИFАТ БАЙЛЫFЫ КIМНIҢ МЕНШIГI?

ТАБИFАТ БАЙЛЫFЫ КIМНIҢ МЕНШIГI?
ашық дереккөзі
475

Бiзде қалыптасқан түсiнiк бойынша табиғат байлығын игеруге қатысты келiсiмшарттар мен содан түсетiн табыс көрсеткiштерiн қоғам мен жұртшылықтан тыққыштау жалғыз Қазақстанда ғана емес, басқа ТМД елдерiнде де бар. Бiрақ шындығында, мәселен, мұнай-газ саласына қатысты iрi жобаларды жүзеге асырып жатқан бұрынғы Кеңес Одағы кеңiстiгiндегi республикалардың iшiнде бұндай келеңсiз жайт тек бiзде ғана бар. Тап осы себептi Қазақстанда өндiрiлетiн көмiрсутектi шикiзаттың басым бөлiгiн экспортқа офшорлық зоналар арқылы шығару мүмкiн болып отыр. Егер контрактiлер мен табысқа қатысты ақпаратты жұртшылықтан жасыру мүмкiн болмағанда, мұнай-газ бен басқа да табиғи байлықтардың көпшiлiгi Бермуд және Виргиния аралдары арқылы тасып әкетуге ешқандай мүмкiндiк болмаған болар едi. Сондықтан тиiстi мәлiметтердiң жабықтығы мен шикiзат экспортының негiзiнен офшорлық зоналар арқылы сыртқа сатылудың бiр тиынның екi жағы сияқты бiр-бiрiнен айрылғысыз құбылыс екенiн мойындауымыз қажет.

Осыған ұқсас жайт Ресейде де байқалады. Бiрақ оның айырмашылығы мынада: табыстың бiраз бөлiгi сол мұнай-газ өндiрiлетiн аймақтан айналдырылып әкетiлгенмен, осыдан жалпы мемлекет жапа шекпейдi. Өйткенi жаңа өндiрiлген шикiзат төмендетiлген бағамен оны өндiрушi компания тарапынан тура шетелдегi офшорлық зоналарға емес, ел астанасы Мәскеуде орналасқан сол компаниямен бiрлесiп жұмыс iстейтiн туыстас құрылымға сатылады. Сонан соң барып ол шет елге әлемдiк бағамен кетедi. Басқаша айтқанда Ресей Федерациясы мемлекетi осы шикiзатқа қатысты өзiнiң алуға тиiстi салығынан қағылмайды. Ол өзiне тиесiлiсiн жергiлiктi жерде алып ала алмағанмен, ақырында Мәскеуде алады. Сөйтiп төлем ақырында барып бәрiбiр қазынаның есебiне түседi.

Ал ендi бiз өзiмiзге сыбайластыққа Қазақстаннан, да гөрi ыңғайлырақ ел болып көрiнетiн Әзiрбайжанды алып көрелiк. Онда, бiрiншiден, мұнай-газ саласында мемлекеттiк монополиясы сақталған. Әрине, Әзiрбайжанда да мұнай iздеумен және өндiрумен айналысып жатқан шетелдiк инвесторлар бар. Бiрақ олармен құрылған бiрлескен кәсiпорындар да Әзiрбайжан атынан тек мемлекеттiк компания өкiлеттiк етедi. Мұнай-газ өндiрумен айналысатын жекеменшiк жергiлiктi компаниялар жоқ. Осындағы қандай да болмасын бiр кен орнына жеке бөлек иелiк ететiн шетелдiк инвестор да жоқ. Екiншiден, солармен бiрлесiп жұмыс iстеуге негiзделген контрактылардың барлығы Әзiрбайжанда жарияланған. Сондықтан қазiр онда қанша тонна мұнай өндiрiлетiнi, оны қандай бағаға сатылатыны және одан үкiметтiң есебiне қанша ақша түсетiнi туралы бүкiл мәлiмет ашық. Сондықтан Әзiрбайжан өнiмiн сатып алушы iрi экспортерлар қатарында офшорлық зоналар болып табылатын Бермуд және Виргиния сияқты аралдар жоқ.

Ал Қазақстанда болса, бәрi де бар. Сондықтан мәлiметтердiң көбi жабық. Мәлiметтер жабық болған соң, «бұл неге олай?» деп, есеп талап ету қиын. Бiздегi БК-тардың (бiрлескен кәсiпорындардың) бiр де бiрiне қатысты контракта Парламент тарапынан бекiтiлмеген. Бұндай жағдай Қазақстанның Ата заңына қайшы болып табылады. Конституцияда «Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы халық» (3-бап, 1-тарау) және «Жер және оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа табиғи ресурстар мемлекет меншiгiнде болады» (6-бап, 3-тарау) делiнген. Демек, бүкiл жерасты байлығы – мемлекет құзырында. Ал мемлекет длегенiмiз – халық. Әрине, мемлекеттiң атынан бүкiл халық болып сөйлеу мен шешiм қабылдап отыру мүмкiн емес. Сондықтан жұртшылық өзiнiң өкiлдiк органын сайлайды. Парламент – сол «халық атынан әрекет жасауға құқығы бар» ең жоғарғы өкiлдi орган. Бiрақ бiздiң жағдайымызда ол елдегi жерасты байлығының 90 процентiне қазiр жекеше немесе Қазақстан тарапымен бiрлесе иелiк жасап отырған iрi компаниялармен Үкiмет жасаған келiсiмшарттардың бiрде-бiрiн бекiтпеген. Бекiтпек былай тұрсын – көзiне де iлмеген. Көргiсi келменгендiктен емес, көре алмағандықтан көрмеген. Өйткенi үкiмет «коммерциялық құпия» деген түсiнiктi желеу етiп, сол контрактiлердi халық қалаулыларына көрсетуден бас тартып жүр. Бұны юриспруденция мен саясаттануда мемлекеттiң «өз субьектiлiгiнен айырылуы» деп атайды. Бұл қазақтың жалпақ тiлiмен айтқанда, «өзiне-өзi бас болу мүмкiндiгiнен айырылуы» деген сөз.

Өйткенi демократиялық тәртiпке, яғни «халық билiгiне» негiзделген мемлекетте Үкiмет парламентке емес, парламент үкiметке құзырын жүргiзуге тиiс. Бiзде қабылданған Конституция бойынша да солай. Ресми түрде Сенат төрағасының да, Мәжiлiс төрағасының да құзыры үкiметбасы құзырынан биiк. Бiрақ заңды жазып қабылдау мен оны орындау – көп жағдайда екi бөлек нәрсе.

Сонымен, Парламенттiң жұртшылық атынан табиғат байлықтарын игеру мен оның халықтың игiлiгiне жаратылуын бақылауға заң жүзiнде құзыры бар болғанымен, iс жүзiнде онысын жүзеге асыруға мүмкiндiк жоқ. Сондықтан қоғамдық пiкiр артындағы көпшiлiк үшiн мұнай-газ бен басқа да шикiзаттарды өндiру, сатуға қатысты көп нәрсе «жетi қабат жер астындағы құпия» сияқты. Әрине, көп нәрсенi қаржы қозғалысын бақылау арқылы-ақ та есептеп шығаруға болар едi. Бiрақ бұл бағытта да түбегейлi тексерiс мүмкiндiгi жабық. Өйткенi үкiметтiң қаржылық есептi берiп отыруы бар болғанымен, сол есептiң дұрыс-бұрыстығын тексеру мүмкiндiгi жоқ. Iшкi аудитты жүргiзетiн ұйымдар бар, бiрақ олардың ашық және ресми түрде жұмыс iстеу процестерi заңдастырылмаған. Оның үстiне бұл аудит негiзiнен заңдар мен қалаулылардың орындалуын ғана қадағалайды. Ал қаржыменн жұмыс iстеу мен сол бойынша есеп берудi бақылауға онша көңiл бөлмейдi.

Бiзде республикалық бюджеттiң орындалу барысын бақылап отыру мақсатында 1996 жылы құрылған Есеп комитетi жұмыс iстейдi. Оның Парламентке де толықтай бағынбайтын, үкiметке де толықтай бағынбайтын ұйым болып қалыптасқанын кейбiреулер үлкен жетiстiк деп бағалайды. Ия, дұрыс, ол атқарушы және өкiлдi билiк мүшелерiнiң бiрдей санынан құралған. Бiрақ бұны халық билiгiнiң көрiнiсi деп бағалау өте қиын. Өйткенi бұндай комитеттер басқа елдерде тiкелей парламенттiң алдында есеп беру үшiн ғана құрылады. Бұл – бiр.

Екiншiден, бiздегi бұл комитеттiң құзыры өте шектеулi. Ол тек кейбiр мемлекеттiк ұйымдарда ғана тексеруiн жүргiзе алады. Яғни әлгi Қазақстан жерасты қонайуының байлықтарын негiзiнен игерiп жатқан шетелдiк бизнестiң бұған бағыныштылығы жоқ. Тәуелсiз бақылаушылардың бағалауынша, бiздегi Есеп комитетiнiң ұғымды және әдiл аудит жүргiзу үшiн қажеттi техникалық ресурстары да, әдiстемесi де, кадрлер де, құрылымдылық өкiлеттiлiгi де жоқ көрiнедi. Бұл – тек атқарушы билiк жанындағы консультативтiк сараптық орган ғана.

Бұндай жағдайда табиғат байлықтарының игерiлуiне қатысты да, сол игеру барысында қоршаған ортаға зиян келмеуiне қатысты да халық тарапынан бақылау орнату өте қиын. Тiптi мүмкiн емес десе де болар. Мәселен, қоршаған ортаны қорғау мәселесiне қатысты мынадай бiр жайтты алып қаралық. 1991 жылы Қазақстанда Қоршаған ортаны қорғау қоры құрылған едi. Оның қаражаты табиғатқа келтiрiлген зиян үшiн төленетiн төлемдерден және айыппұлдардан тұратын. 1999 жылы бюджетке ақша жинау қатты қиын болып тұрған кезде бұл Қор жойылды. Ал оның қаражаты бюджеттiң есебiне аударылды. Бiрақ бұл қаржы ендi негiзiнен табиғатты қорғау шараларына емес, жалпы бюджеттiк қажеттелiктерге қолданылады. Тiптi қазiргi жағдайда мемлекеттiк билiк кәсiпорынның табиғатқа көбiрек зиян тигiзгенiне мүдделi сияқты. Өйткенi бұлай болған жағдайда одан бюджетке көбiрек пайда өндiрiп алуға болады. Содан соң ол ақшаның сол табиғаттың мүддесiне қайта пайдаланылуы неғайбыл.

Осындай мәселелердi бiз ерiккеннен көтерiп отырған жоқпыз. 1999 жылдан берi мұнай-газ өндiру мен оны экспортқа шығару көрсеткiштерi күрт ұлғая бастады. Бұл бiр жағынан бюджетке көбiрек табыс әкеле бастауға тиiс болғанымен, екiншi жағынан экологиялық жағдайды одан әрi мүшкiлдетуi мүмкiн. Әзiрге белгiлiсi – мынау. Өткен 5-6 жыл iшiнде мемлекет табысы артқан сияқты болып көрiнгенмен, елдегi кедейлер саны айтарлықтай кеми қойған жоқ. Бұдан туатын қорытынды мынау: не бюджетке тиiстi деңгейде пайда түсiп жатқан жоқ, не түсiп жатқан ақша дұрыс пайдаланылмай отыр. Мәселен, сол мұнайды ең көп өндiретiн Атырау мен Маңғыстау облыстарында тақыр кедейлер саны да республика бойынша ең көп. Бұл – бiр. Екiншiден, табиғи ортаға қиянат жасау артты. Бұл жердегi қатты алаңдататын мәселе – мынау. Мемлекеттiң экологиялық саясаты қоршаған ортаға келетiн зиянды азайтуға емес, қайта соның көбейе түсуiнен пайда көбiрек өндiруге негiзделгендей. Бiрақ бұндай саясаттың түбiнде тақырға отырғызары хақ.

Аққали КӨПТІЛЕУОВ

Серіктес жаңалықтары