«Қазгидромет» РМК елдің бірнеше қаласында ауа сапасы төмендейтінін хабарлады.
— 2025 жылдың 20 қазанында Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Теміртау, Қарағанды қалаларында қолайсыз ауа райы болжанды, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.