2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау маңында апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының ауыр жарақат алған жолаушысы, Әзербайжан азаматы Нурулла Сираджов көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сираджов жұбайымен бірге Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Ол жақта оған онкологиялық ота жасалуы тиіс болған, алайда апат пен одан кейінгі ұзақ оңалтудан соң ем қабылдау мүмкін болмаған.
Еске сала кетейік, бортта барлығы 67 адам болған. Оның ішінде 62 жолаушы және 5 экипаж мүшесі. Апат салдарынан 38 адам қаза тапты, оның ішінде 6 Қазақстан азаматы бар. 29 адам аман қалды, олардың қатарында екі бортсерік те болған.