Елімізде ауа райы күрт бұзылады

/
Елімізде ауа райы күрт бұзылады
istockphoto

Қазгидромет 20 қазанда еліміздің 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар. Атырауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде 3 градус үсік жүреді. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус үсік жүреді. 20-22 қазанда облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары