«АСТАНАНЫ ТЕРБЕТЕДI ШӘМШI ӘНI...»

«АСТАНАНЫ ТЕРБЕТЕДI ШӘМШI ӘНI...»

«АСТАНАНЫ ТЕРБЕТЕДI ШӘМШI ӘНI...»
ашық дереккөзі
253

Осындай атпен 14 қарашада Елордада халқымыздың ұлы композиторы Шәмшi Қалдаяқовты еске алу кешi өтедi

Қалдаяқов әндерiнiң кештерi мен байқаулары Алматы мен Шымкентте жиi ұйымдастырылып жүргенiмен, Астананы Шәмшi әнi осымен небәрi екiншi рет қана тербеткелi отыр. 2003 жылы астанамызда осы аттас кештiң өтуiне мұрындық болған «Жас Қазақ» продюсерлiк орталығы Елорда көрермендерi мен қонақтарын биыл тағы да қуантпақ. 14 қарашада «Конгресс-Холл» сарайында өтетiн концерт биыл елiмiздiң әнұраны боп қабылданған «Менiң Қазақстаным» әнiнiң туғанына 50 жыл толуына арналады. Жаңа әнұран ән күйiнде 1956 жылдың 25 қазанында дүниеге келген екен.

«Астананы тербетедi Шәмшi әнi…» атты кеште композитордың халық жүрегiнен орын алған танымал да сүйiктi әндерiмен қатар әр түрлi себептермен әлi көпшiлiкке беймәлiмдеу қалып жүрген шығармалары да шырқалады деп күтiлуде. Концертке танымал өнер жұлдыздары – Роза Бағланова, Нұрғали Нүсiпжанов, Ескендiр Хасанғалиев, Тұңғышбай әл-Тарази, Мақпал Жүнiсова, Майра Iлиясова, Ақжол Мейiрбеков, Бағдат Сәмединова, Ералхан Әбiшев, Жеңiс Ысқақова, Хадиша Шалабаева, Ғани Мәтебаев, Гүлзейнеп Пазылова және тағы басқалар қатысады.

Кешке белгiлi қоғам қайраткерi, өнер жанашыры Өмiрзақ Сәрсенов пен «TSC Group» компаниясы директорлар кеңесiнiң төрағасы, меценат Бауыржан Оспанов демеушiлiк етедi.

Серіктес жаңалықтары